Сенбі, 23 Қараша 2024
1489 0 пікір 24 Қазан, 2023 сағат 15:14

Елімізде су мамандары даярланады

ҚР Су ресурстары министрлігі жоғары және жоғары оқу орнындарының кейінгі білім беру бағдарламасына жаңа мамандықтарды енгізуді ұсынды.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының қолданыстағы жіктеуішіне түзетулер енгізіп, бірқатар мамандықтарды қосуды ұсынды.

Атап айтқанда, «Гидротехникалық құрылыс және нысандар», «Мелиорация және суармалы егіншілік», «Елдімекендерді сумен жабдықтау және су бұру», «Су ресурстарын басқару», «Гидротехникалық мелиорация», «Су шаруашылығындағы технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару», «Инновациялық технологиялар және оларды су шаруашылығында пайдалану», «Ирригациялық жүйелердегі гидроэнергетикалық нысандар», «Гидромелиорациялық жұмыстарды механикаландыру», «Су шаруашылығы экономикасы» мамандықтары.

Дәл осы мамандықтарды магистратура және докторантура бағдарламаларына да қосу ұсынылады. Ал, бейінді жоғары оқу орындарының студенттері гидротехникалық құрылыстардың барлық түрі бар министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында өндірістік практикадан өтеді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, министрлік қазақстандық студенттерді су саласы мамандықтары бойынша жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарында оқыту үшін грант бөлу мәселесін де қарауға ниетті. Бұдан бөлек, су шаруашылығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталықтары ұйымдастырылады. Ал халықаралық серіктестермен бірлесіп жоғары оқу орындарында жаңадан «Су дипломатиясы» мамандығын енгізу жоспарлануда.

«Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін министрлік су ресурстарын басқару, пайдалану және қорғау саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын жетілдіру жөнінде қажетті шаралар қабылдауға ниетті. Су шаруашылығы мамандарының жалақысын арттыру мәселесі жеке қаралатын болады. Сонымен қатар, біз басқа елдердің тиімді тәжірибесін қабылдайтын боламыз. Ол үшін халықаралық байланыс бағытында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364