Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1386 0 пікір 25 Қазан, 2023 сағат 14:21

Ақордада ту көтерілді

Республика күніне орай Ақордада ту көтерілді. Рәсімге президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Мемлекет басшысына Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды.

Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.

Abai.kz

0 пікір