Бұл шараға қатысту үшін Қазақстанның үкімет басшысы Әлихан Смаилов, Иран вице-президенті Мохаммад Мохбер, Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустин, Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов және Беларусь премьер-министрі Роман Головченко Бішкекке барды.
25 қазанда олардың "Манас" әуежайынан Қырғызстан үкімет басшысының орынбасары Бақыт Торобаев күтіп алды.
24 қазанда Қытайдың премьер-министрі Ли Цян ресми сапармен Бішкекке барған. Ол ШЫҰ кеңесіне қатысатын болады.
Abai.kz