Жұма, 22 Қараша 2024
1289 0 пікір 30 Қазан, 2023 сағат 12:39

Ресейде соғысқа аттанбаған Орталық азиялықтар сотталуда

Мәскеуде әскерге бармаған орталық азиялықтарға қарсы 22 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ресейдің тергеу комитеті мәлімдеді.

Осыған дейін орыс азаматтығын алғандарды қазір құқық қорғау органдары іздеп жатыр. Егер оларды әскерге барудан бас тартса, орыс азаматтығынан айырмақ.

Қазір 80-нен астам орыс азаматтығын алған мигрант Ресейдің қарулы күштеріне қызмет ету үшін жіберілгені мәлім болған.

Тергеу комитетінің баспасөз қызметі әскерге барудан бас тартқан 12 адамға қарсы қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Олардың бәрі Орталық Азияның тумасы.

Ресейде жыл соңына дейін әскерге 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтар шақырылады. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскерге шақыру мерзімі 30 жасқа дейін ұзартылады.

Ресейдің Қылмыстық кодексінде әскерден бас тартқандарды екі жылға дейін түрме жазасы қарастырылған.

Биыл жаз бойы Ресейде мигранттарға қарсы рейдтер жүрді. Мемлекеттік думада "армиядан қашқан бұрынғы мигранттарды азаматтығынан айыру жөніндегі" заң жобасы ұсынылған.

Ресми мәлімет бойынша, орыс азаматтығын алған қырғызстандықтар саны 600 мыңнан асады. Олардың бір бөлігі қырғыз паспортынан бас тартпаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303