Жұма, 22 Қараша 2024
1224 0 пікір 30 Қазан, 2023 сағат 12:44

WPS: Қырғызстан - әйелдер үшін қауіпті мекен!

Орталық Азияда Қырғызстан әйелдер үшін ең қауіпті өлке болып қалып жатыр. Әлемдегі әйелдердің қауіпсіздігі және бақуаттығы бойынша ғаламдық индекстің (WPS) жаңа баяндамасына сәйкес, Қырғызстан бұл көрсеткіште 95 орында.

Қырғызстан 2021 жылы да WPS индексінде 97-орынға түсіп, Орталық Азиядағы әйелдер үшін ең қауіпті ел болып танылған.

Баяндамада Қырғызстанда әйелдердің биліктегі орны 20% аспайтыны, 13% әйелдер жақын адамдары тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырайтыны жазылған.

Индексте Өзбекстан 94-орынға жайғасса, Тәжікстан 90, Қазақстан 80-орында тұр. Түркіменстан Орталық Азиядағы әйелдер үшін қауіпсіз деп саналған ел ретінде 58-орынды иеленген.

Аталған индексте 170 елдегі әйелдердің ахуалы қамтылған. Әйелдер ахуалын Норвегияның сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Джорджтаун институтының Гендерлік мәселелер, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы 13 категория бойынша - әйелдердің қоғамдағы, еңбек нарығындағы орнын, саясаттағы ахуалын, әлеуметтік қауіпсіздігін зерттеген.

WPS индексі бойынша Еуропадағы тоғыз: Норвегия, Дания, Финляндия, Исландия, Швеция, Швейцария, Люксембург, Австрия, Нидерланды және Жаңа Зеландия әйелдер үшін ең қауіпсіз, Оңтүстік Судан, Конго, Орталық Африка Республикасы, Ауғанстан және Йемен өте қауіпті елдер қатарында.

Қырғызстанда ресми мәлімет бойынша, әрбір төртінші әйел зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Елдің ішкі істер министрлігі соңғы екі жылда тұрмыстық зомбылықтан 20 әйел қаза болғанын мәлімдеді.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5302