Жұма, 22 Қараша 2024
1227 0 пікір 30 Қазан, 2023 сағат 12:53

Бір аптада 10 кісі өлтіру қылмысы жасалған

Өткен апта ішінде елімізде 2613 қылмыстың жартысынан астамы ізін суытпай ашылған.

«Бір апта ішінде 2613 қылмыс жасалды, оның 1602-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері 10 кісі өлтіруді, 11 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді ізін суытпай анықтады. Одан бөлек, бір қарақшылық, 27 тонау және 314 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», — деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі ведомствоаралық штаб отырысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі Кешенді жоспардың орындалуын талқылады.

Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев қылмыстық қудалау органдарына есірткіні сараптау мәселесін көтерді.

Ол «дәстүрлі» есірткіні зерттеу 10 күнге дейін, ал синтетикалық препараттарды зерттеу бір айдан асатынын атап өтті.

Ал сарапшылардың пікірінсіз күдіктілердің жолын кесу шарасын таңдау мүмкін емес, бұл жауапкершіліктен жалтару қаупін арттырады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303