Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2788 23 пікір 7 Қараша, 2023 сағат 14:25

Қазақстанды мойындамайтын Ресей қазақтың қабағына қарауға көшті!

Естеріңізде болар Астандағы 9 қарашадағы Мемлекет басшысының Путинмен кездесуіне дейін Президент Тоқаев ХАМАС соғыс ашқан 7 қазан күні Мәскеу төрінде болып келген еді. Қарашада Путиннің Астанаға келетіні мәлім болды. Бұған билік те, қараша да құлықты болып отырған жоқ.

Путиннің Орта Азияға сапарын әлемдік БАҚ сан құбылтып, түрлі болжам мен жорамал жасаса, біздің Вице-премьер Серік Жұманғарин: «Ту, тәйір-ай, қайдағы саясат?» деп жүгіртпе жауап қатты.

Орталық Азияның «Алтын қақпасы» - Қазақстанның Путиндік Ресей үшін орны бөлек. Қазір осы жартылай жабық қақпаның кілтіне Түркия, Қытай және АҚШ пен Батыс та иелік ете бастады. Бұрын «Солтүстік Қазақстан Орыстікі» деп дөңайбат көрсететін Ресей жүрісінен жаңылып, қазақтың қабағына қарауға көшті. Осы алғашқы қабаққа қарауды Путиннің өзі бастап, бұрынғы үріп келген империяшыл итерінің аузын жапқызды.

Енді «бұрын мемлекеті болмаған, оны қазаққа Ленин сыйлаған» дейтіндердің күні Алашқа түсетінін ұға бастады. Орталық Азия көкпар алаңына айналды. Бұрын Қытай ғана бақталасым дейтін Ресей, бұдан былай Түркия да, ұжымдық Батыс та, АҚШ-та геосаяси көпарға білек сыбана кіріскенінен шоши бастады. Осы шошу Путинді ішіп-жегенін бойына сіңгізбей, дереу атқа қонғызды.

Сонымен, қазір қарашада Астанаға «шын Путин келе ме, әлде оның егіз қозысы келе ме?» деп жұрт төбеге қарап бал ашып жатқанда Секең үкіметтің брифингісінде: «Бұл мемлекетпен біз ішек-қарындай араласып кеткенбіз. Оның ішінде сауда-экономикалық қатынасымыз маған осы сөздерді айтқызады. Біздің форумға биыл 19 жыл. Біз тәжтажал кезінде өткізе алмадық. Сол себепті біз өз еліміздің тұрғындары мен бизнесімізге қажетті өзекті проблемаларды өзара талқыға саламыз.  Бүгінгі форумдағы ең басты тақырып ол – ауылшаруашылығы, ол – ауылдық шаруашылықты цифрландыру және тағысын тағылар. Бұл жерде қалайша саясаттың исі аңқымақ? Бұл жерде тек қана сауда-экономикалық қатынас төбе көрсетеді», - деді.

Одан әрі біздің Вице-премьер екі ел арасындағы сауда-саттық өткен жылғы $9 млрд болғанын, биылғы жылы оны үш орап, $27 млрд жетіп отырғанын көсіле сөз етті. Форумға аймақ басшылары келіп, аймақаралық келісімшарттарға қол қойылмақшы, бұл ең алдымен сауда-экономикалық қатынас деп бір желпінтіп өтті.

Әзірге осы...

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371