Сенбі, 23 Қараша 2024
1799 0 пікір 1 Желтоқсан, 2023 сағат 17:12

Биыл Қазақстан банктері қанша табыс тапты?

Қазақстанда екінші деңгейдегі 21 банк жұмыс істейді. Жыл басынан бері олардың активтері 48,4 трлн теңгені құрады. Бұл жөнінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

«Қазіргі уақытта банк секторы тұрақты дамуда. Банк секторын капиталдандыру көрсеткіштері жоғары, бұл ағымдағы күйзелістерді еңсеруге мүмкіндік береді. Банк секторында 21 екінші деңгейлі банк бар. Оның ішінде шетелдің қатысуымен 11, мемлекеттің 100% қатысуымен 2 банк жұмыс істейді. 2023 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша банктердің активтері 8,6%-ға ұлғайып, 48,4 трлн теңгені құрады. Банк жүйесіндегі клиенттердің салымдары 4,8%-ға өсіп, 33,1 трлн теңгені құрады», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

О.Қизатов халық пен бизнес депозиттерінің тұрақты өсіп келе жатқанын атап өтті. Олар 5 жыл ішінде екі есеге ұлғайған.

«Жыл басынан бергі ұлғаю 4,8%-ды құрайды, бұл банк жүйесіне деген сенімнің жоғары деңгейін растап отыр. Депозиттік базаны долларландыру деңгейі жыл басынан бері 36,7%-дан 29,5%-ға дейін төмендеді. Банк секторының қазіргі сын-тәуекелдерді өтеу үшін жеткілікті капитал қоры бар. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті – 19,3%, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті – 21,8%, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асады», - дейді О. Қизатов.

Банк секторының меншікті капиталы 6,4 трлн теңгеге жеткен, ол бөлінбеген пайданы ұлғайту есебінен жыл басынан бері 22,7%-ға ұлғайды.

«2023 жылғы 10 айда банктер 1,8 трлн теңге мөлшерінде пайда алды, бұл 2022 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 53,7%-ға көп. Ол көп жағдайда банктердің пайыздық кірістерінің ұлғаюына байланысты болды. Банк активтері рентабельділігінің көрсеткіші 4,6%, капитал рентабельділігі 36,2%-ды құрады. 1 қарашадағы жағдай бойынша банктердің өтімділігі жоғары активтері 14,6 трлн теңгені немесе активтердің 30%-ын құрады. Бұл банктердің клиенттер алдындағы міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуіне мүмкіндік береді», - деді төрағаның орынбасары.

Сонымен бірге, портфель сапасының көрсеткіштері де айтарлықтай жақсарған.

«Жұмыс істемейтін кредиттер коэффициенті тарихи тұрғыдан ең төмен мәнге жетіп, 2022 жылдың басынан бері 3,3% деңгейінде сақталып отыр. Бұл көлемнің 73,1%-ы провизиялармен, қарыздардың қалған бөлігі тұрақты кепіл түрлерімен өтелді», - дейді Олжас Қизатов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373