Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3547 0 пікір 3 Қазан, 2013 сағат 10:45

Мұхтар Кәрібай. Соңғы самурай

Abai.kz cайтында жарияланған «Соңғы самурай» (http://old.abai.kz/content/songy-camurai) мақаласын оқып, біраз күн үлкен әсерде болдық. Жапон солдатының ерлігі мен М.Әуезовтың «Қараш-Қараш оқиғасы»  шығармасының бас кейіпкері Бақтығұлдың қимылынан көп ұқсастық көрінді. Осы ойдан туған шағын балладаны оқырман назарына ұсынып отырмын.
Құрметпен,

Мұхтар Кәрібай

Ташкенттегі Қазақ Елшілігі 

 

Соңғы самурай

немесе соғыстан кейін отыз жыл шайқасқан

жапон солдаты туралы баллада

 

Отыз жыл қырғын соғыс біткеніне,

Адамзат бейбіт күндер кешкеніне,

Соғысып жүре берді жалғыз солдат,

Майданның тоқтағанын білмеді де

 

Онода – оның аты, жапон ұлы,

Филиппин ну орманы - жүрген жері

«Қасық қаның қалғанша шайқасасың»,-

Командир қаталдықпен деп бұйырды

 

Майор кетті хабарсыз, бұйрық қалды,

Барар жер басар тауы тұйықталды.

Күресін жалғастырды сонда дағы,

Қас жауынгер тәртіпті бұза алмады

 

Төсек қылып орманның топырағын,

Жастанып, жамылғы етіп жапырағын.

Онода – соңғы сарбаз, антқа берік,

Баптайды күндіз-түні оқ жарағын

 

Abai.kz cайтында жарияланған «Соңғы самурай» (http://old.abai.kz/content/songy-camurai) мақаласын оқып, біраз күн үлкен әсерде болдық. Жапон солдатының ерлігі мен М.Әуезовтың «Қараш-Қараш оқиғасы»  шығармасының бас кейіпкері Бақтығұлдың қимылынан көп ұқсастық көрінді. Осы ойдан туған шағын балладаны оқырман назарына ұсынып отырмын.
Құрметпен,

Мұхтар Кәрібай

Ташкенттегі Қазақ Елшілігі 

 

Соңғы самурай

немесе соғыстан кейін отыз жыл шайқасқан

жапон солдаты туралы баллада

 

Отыз жыл қырғын соғыс біткеніне,

Адамзат бейбіт күндер кешкеніне,

Соғысып жүре берді жалғыз солдат,

Майданның тоқтағанын білмеді де

 

Онода – оның аты, жапон ұлы,

Филиппин ну орманы - жүрген жері

«Қасық қаның қалғанша шайқасасың»,-

Командир қаталдықпен деп бұйырды

 

Майор кетті хабарсыз, бұйрық қалды,

Барар жер басар тауы тұйықталды.

Күресін жалғастырды сонда дағы,

Қас жауынгер тәртіпті бұза алмады

 

Төсек қылып орманның топырағын,

Жастанып, жамылғы етіп жапырағын.

Онода – соңғы сарбаз, антқа берік,

Баптайды күндіз-түні оқ жарағын

 

Басқыншылық соғыстың ақыры аян,

Күш-жігер, арпалысың бәрі зая.

Жапония майданда тізе бүкті,

Атомнан миллиондары көзін жұмған

 

Өрлік, намыс, қайсарлық жетелеген,

Қаймықпай мақсатыма жетем деген,

Онода, Бақтығұлдың сыңары ма ең,

Қараштың құз-шыңдарын мекендеген

 

Отыз жыл содан бері жылжып өткен,

Майор да табылыпты сонау кеткен

«Онода, біз жеңілдік, таста қару»,-

Деп сарбазға соңғы рет бұйрық еткен

 

«Қалайша», - деп жауынгер еңіреді,

Жеңіске жетеріне сенімді еді.

Үміті алдамапты қарт сарбазды

Әлемге аты мәлім елін көрді

 

Ей, Онода – інісі Бақтығұлдың,

Қайраған рухымды – қос тұғырым,

Бабалар мұратынан айнымаған,

Ақ жолын менің де Елім тапты бүгін!

Ташкент, 30.09.2013 ж.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371