Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша ЖАДЫНАМА
Осы жадынама жеке тұлғаларға жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінің декларанттарына, активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (бұдан әрі – Декларация) ұсынуға көмектесу үшін дайындалған.
Декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде ұсынады.
Декларация 2023 жылғы 31 желтоқсанға жасалады.
Үшінші кезең декларанттарына мыналар жатады:
- Заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;
- Жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары;
- 2023 жылы жұмысқа қабылданған және 2024 жылғы 1 қаңтарда болып табылатын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері және олардың жұбайлары.
МАҢЫЗДЫ!!!
Декларацияны дербес ұсынбас бұрын, Сіз жеке кәсіпкер екеніңізді немесе қызметін тоқтатқан заңды тұлғаның басшысы екеніңізді немесе сенімсіз салық төлеушілер тізімінде екеніңізді мына сілтемелер арқылы тексеріңіз:
https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search_unreliable/list
https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search_unreliable
https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search/entrepreneur
Егер Сіз кәсіпкерлік қызметті жалғастырғыңыз келмесе, онда заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің орналасқан жері бойынша мемелекеттік кірістер органына қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш беруді ұсынамыз.
«Кіріс» декларациясында нені көрсету керек?
Декларацияда шетелдегі мынадай активтерді:
- жылжымайтын мүлік, жер учаскелерін;
- көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелерді;
- әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді;
- ҚР тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін;
- шетел банкіндегі банктік шоттардағы барлық банктік салым бойынша жиынтық сомасы 1000 АЕК (3 450 000 тг) асатын ақшаны көрсету керек.
Сондай-ақ декларацияда Қазақстандағы немесе шетелдегі мынадай мәліметтерді көрсету қажет:
- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды;
- бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдарын;
- цифрлық активтерді;
- инвестициялық алтынды;
- зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілерін;
- 10 000 АЕК-ке дейін (34 500 000), оның ішінде банк ұяшықтарындағы қолма-қол ақшаны;
- жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған қарыз шарттарын көрсету керек.
Қалауы бойынша құны 1000 АЕК (3 450 000 тг) асатын кез келген мүлікті – мәдени құндылыұтарды, қымбат заттарды, антиквариатты, биологиялық активтерді көрсетуге болады. Бірақ мұндай мүлікті тәуелсіз бағалаушыдан 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін бағалау қажет.
Декларация толтырылғанға дейін Сіз декларациялауға жататын Қазақстандағы жекелеген мәліметтердің анықтығын мынадай сайттарға дербес өту арқылы тексере аласыз:
1) бағалы қағаздары бойынша https://portal.kacd.kz;
2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша https://homeportal.kz;
3) зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша https://gosreestr.kazpatent.kz; https://newcab.kazpatent.kz;
4) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu;
5) қарыз шарттары бойынша Doculite жүйесі арқылы осы Жаднамаға қоса берілген нысанға сәйкес Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу жолдау қажет.
Егер Сіз мәліметтердің анықтығымен келіспесеңіз, тікелей уәкілетті органға жүгінуіңіз керек:
бағалы қағаздар бойынша – «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ (тел. 8 777 780 6643, ccmail@kacd.kz );
үлестік қатысу бойынша – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (тел. 8(7172)576471, 576150, 576479 «E-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы);
зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық бойынша – ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (тел. 87172 621511, 621514 kazpatent@kazpatent.kz)
сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша – «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ ( kence_nao@gov4c.kz, 1414)
қарыз шарттары бойынша - Республикалық нотариаттық палата (тел. 8 (7172) 50 88 26 , 8 (7172) 50 88 34 ).
Активтер мен міндеттемелер туралы жоғарыда көрсетілген мәліметтер нақтыланғаннан кейін осы мәліметтер Декларацияда көрсетілуі қажет.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру бойынша қадамдық нұсқаулық (250.00-нысан) мынадай сілтемелер бойынша орналастырылған:
Декларацияны ұсыну тәсілдері:
- e-Salyk Azamat, eGov mobile, Halyk мобильді қосымшалары;
- eGOV, moldir.goldau.kz web-порталы;
- salyk.kz сайтындағы Салық төлеушінің кабинеті.
Сұрақтар туындаған жағдайда Сіз 1414 Байланыс орталығына не мына телефон нөмірлері бойынша жүгіне аласыз:
Абай облысы бойынша МКД 8 (7222) 362222, 87771531734, 87779907055
Ақмола облысы бойынша МКД 8 (7162) 72 11 65, 87014232655
Ақтөбе облысы бойынша МКД 87012104192, 87016413885
Алматы облысы бойынша МКД 8 (7277) 228363, 87763073737, 87755205052
Атырау облысы бойынша МКД 8 (7122) 318431, 87017493655
Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД 8(7232)702429, 87054157467
Алматы қаласы бойынша МКД 8(7272) 676926, 87757060082, 87474470258
Астана қаласы бойынша МКД 8 (7172) 773170, 87028649191
Шымкент қаласы бойынша МКД 8 (7252) 354677, 214504, 87026606860
Жамбыл облысы бойынша МКД 8 (7262) 568541, 87011406202, 87766713077
Жетісу облысы бойынша МКД 8 (7282) 601197, 87714573272
Батыс Қазақстан облысы бойынша 8 (7112) 243288, 87051103900
Қарағанды облысы бойынша МКД 8 (7212) 410942, 87012553675
Қостанай облысы бойынша 8 (7142) 534951, 8-775-512-34-30
Қызылорда облысы бойынша МКД 8(7242) 400105 вн.4013, 87014369393
Маңғыстау облысы бойынша МКД 8 (7292) 301310 вн.1159, 87020773373
Павлодар облысы бойынша МКД 8(7182) 535572, 87058344002
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 8(7152) 500062, 8(7152)363769
Түркістан облысы бойынша МКД 8 (7253) 357659, 87025096131
Ұлытау облысы бойынша МКД 8(7102)733972, 87765628686
QR кодын сканерлеңіз, Сіз декларацияны толтыру жөніндегі бейне нұсқаулыққа қолжеткізе аласыз, сонымен қатар жалпыға бірдей декларациялау бойынша көптеген басқа да сұрақтарға жауап ала аласыз.
Abai.kz