Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2580 3 пікір 11 Қаңтар, 2024 сағат 13:50

Салықтағы өзгерістер жайлы экономист не дейді?

Осы жылы салық саласында біраз өзгерістер болып жатыр. Әсіресе шағын бизнес үшін мораторий мерзімі аяқталды, енді біраз тексерулер болады деген сөз.

Мобильді аударымдарды да салықтық органдар қадағалайтын болады. Оның да қарапайым халыққа еш қатысы жоқ, айына 100 аударым қабылдайтын және оны үш ай қатарынан жалғастырып 300 аударымнан асыратын азаматтарға салық комитетінен нақты сауалдар қойылуы мүмкін.

Осы жылы кәсіпкерлер жалпыға бірдей декларация бойынша есептерін өткізеді, менің ойымша қорқатын ештеңе жоқ, барлық мүлкі мен активтерін барынша көрсете бергендері дұрыс. Кейін егер аяқ астынан өте жоғары сомадағы мүлікке ие болып, сол кезде айып пұл арқалап кетпеуі үшін қазір барлық активтерін көрсеткендері дұрыс. Бұның барлығы экономикамыздың көлеңкелі тұсын ашықтыққа, ақша айналымындағы мөлдірлікке жол ашатын болады.

Креативті индустрияға да бөлшек салық режиміне өтуге мүмкіндік беріліп жатқаны жағымды өзгеріс. Өйткені бұл бірінші кезекте мәдениетіміздің дамуына үлес қосады, ол ұлттық құндылықтарымыздың салт-санамыздың жаңғыруына септігін тигізеді. Өз кезегінде ұлттық экономикамыздың қалыптасуына жол ашады.

Бөлшек сауда режимі көлеңкеде жүрген көптеген кәсіпкерлік субьектілерін жарыққа алып шығуына септігін тигізеді. Өйткені олар КТП (корпоративтік табыс салығынан) 20% және ҚҚС (қосылған құн салығынан) 12% босатылатын болады. Бұл жеке кәсіпкерлер үшін 2%-дан 4%-ға дейін, ЖШС үшін 8%-ға дейін болады. Тек компанияның жылдық айналымы 2,2 миллиард теңгеден аспауы, ал штатта 200 адамнан көп болмауы қажет. Демек кәсіпкер, салыққа төлеуі қажет қаражатты өз бизнесін дамытуға жұмсайды, қызметкерлерінің табысын арттыруға бағыттай алады деген сөз.

Бүгін көптеген шағын бизнес өкілдері жеңілдетілген салықтық режимін қолданады 3%, ол жақсы ғой, дегенмен компанияның жылдық айналымы ҚҚС-ның белгіленген шегі жылына 73 840 000 теңгеден асып кетсе, жоғарыдағы салықтың бәрін төлеуге міндеттеледі. Сондықтан мүмкіндігінше бөлшек сауда режиміне ауысып алған дұрыс. Сонда жылдық айналымыңыз 2,2 миллиард теңгеден асқанша еш қиналмастан кәсібіңізді дөңгелете бересіз.

Ал, 4 жыл бойы мораторидің аяқталуын күтіп отырған салық комитетіне айтарым, шаш ал десе бас алып ертең кәсіпкерлдерге қысым жасалмауы қажет. Онда көлеңкелі экономика үлесі тек артатын болады. Адамгершіліктің қағидаларына негізделіп, бірінші барынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, кейін қтелесіп жатқандар болса ескерту жасаса дұрыс болады. Ал енді оған көнбегендерге айыппұл арқалатуға да, жаза қолдануға да болады.

Мақсат Халық

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385