Сенбі, 23 Қараша 2024
Үшбу хат 1836 4 пікір 15 Қаңтар, 2024 сағат 14:53

Әділдік іздеген ата-ана депутаттардан араша сұрайды

Естеріңізде болса желтоқсан айының аяғында порталымызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты атына «Ұлымыз жаптым – жала, жақтым – күйемен» жақсыз сотталып кетті», - деп араша сұраған ата-ананың үшбу хаты жарияланған еді.

Abai.kz – еркін ақпарат алаңы болғандықтан, сөз бостандығының принциптерін басшылыққа ала отырып, араша сұраған ата-ананың жанайқайын қоғам талқысына ұсындық.

Біз сол арада араша сұрап келген ата-ананы сөзге тарттық. Істің мән-жайын сұрап білдік. Қысқаша былай:

Аширхан Сейдазов пен Камиланың Нурмаханова баласы Ернар Сейдазовқа Алматы қаласы Алатау аудандық соты мен Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі алқасы «BI-GROUP» холдингінің еншілес компаниялары – «Каспако»  және   «Bi Global» ЖШС-да заңсыз жасалған құжаттардың негізінде орын алған заңсыз әрекеттеріне күйініп, ұлының осы кәсіпорындарда 2 ай ғана жұмыс істеп, аяқ-астынан  «96 000 000 (тоқсан алты миллион) теңгенің материалын ұрлап кетіпті» деген жалған айыппен 8 жылға сотталып кеткеніне араша сұрайды.

«BI-GROUP» холдингінің еншілес компаниялары – «Каспако» және «Bi Global» ЖШС-нің жеке ақшасы болса бір сәрі, бірақ  мемлекеттің тапсырысымен мемлекеттің қаржысына мемлекеттік мектептер салынып жатқанын Алматы қаласы Алатау аудандық соты мен Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі алқасы  мүлде  елмеген. Льдетаев, Арыстанбеков деген қызметкерлер жалған куә болып, Ернар Сейдазовтың мойнына «Каспако» және «Bi Global» ЖШС-нің басшылығы жымқырған ақшаны көзбояушылықпен арта салған. Әділеттік үшін шырылдаған ананың зарына кім құлақ асады?

Бүгін редакциямызға ұлдары Ернар Сейдазовқа араша сұраған ата-ана есім-сойлары елге белгілі, қоғамдағы өзекті мәселелерді өткір көтеріп жүрген Мәжіліс депутатттары: Қазыбек Иса, Ермұрат Бапи, Бақытжан Базарбек пен Абзал Құспанның атына үшбу хат жолдапты. Аты аталған депутаттар құзырлы органдарға сұрау салып, араша сұраған ата-ананың жанайқайына қандай да бір реакция білдіреді, соттағы «бармақ-басты, көз қыстылыққа» бей-жай қарамайды деп сенеді.

Сондай-ақ, біз де аты аталған Мәжіліс депутаттары жария жазылған үшбу хатқа редакциямызға қандай да бір жауап қатады деп күтеміз.


Депутаттар: Қазыбек Иса, Ермұрат Бапи, Бақытжан Базарбек пен Абзал Құспанға!

Құрметті Депутаттар!

Сіздерге өткен жылдың қараша айында төмендегідей арызбен жүгініп, әрқайсысыңыздың атыңызға осы арызды жолдаған едім.

Сіздер менің арызымды уәклетті мемлекеттік мекемелер мен  органдарға жолдап, арызда көрсетілген талаптарды жіті тексеруді талап еттіңіздер.

Содан бері 2 ай өтті, осы арыз бойынша бір де бір мемлекеттік мекеме тексереу жүргізген жоқ, тексеру болып жатыр деп хабарлаған жоқ. Бір-біріне арызды сілтеп жолдаған хаттардан басқа ешқандай тұшымды жауап алмадық.

Сіздер мемлекеттік мекемелер мен органдарға  жолдаған хаттарыңызда тексеру нәтижесін хабарлауға тапсырма берген едіңіздер, хабар алдыңыздар ма?

Осы арызбен БАҚ арқылы қайта жүгіне отырып, әділдік пен заңдылыққа қол жеткізуге ықпалы жасауларыңызды сұраймын.

Құрметті Депутаттар!

Сіздерден Алматы қаласы соттарындағы заңсыздық пен әділетсіздік,  мемлекет қаржысына құрылыстар салып жатқан BI-GROUP холдингінің  филиалдарындағы қаржылық заңдардың дөрекі бұзылуына көңіл бөліп, шара қабылдауды сұраймын.

Алматы қаласы Алатау аудандық соты мен Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі алқасы BI-GROUP холдингінің филиалдары «Каспако» және «Bi Global» ЖШС-нде заңсыз жасалған құжаттардың негізінде менің балам Сейдазов Ернар Аширханұлын 8 жылға соттап жіберді.

Алматы қаласының соттары BI-GROUP-та орын алған заңсыздықтарға, тәртіптің жоқтығын, қызметкерлердің жауапсыздығын, әсіресе қаржы саласындағы ережелердің дөрекі бұзылуына көз жұмып отыр.

Іс бойынша: «Менің балам 2 ай ғана жұмыс істеп 96 000 000 (тоқсан алты миллион) теңгенің материалын ұрлап кетіпті. Оның бір бөлігін жұмысқа кірмей тұрып-ақ ұрапты.  Материалдық жауапты қызметкерлер  -  Учаске басшысы (қойма бастығы) мен жоба жетекшісі материал кірген-кірмегенін тексермей, накладнойға қабылдап алдым деп қол қоя беріпті.  Ол ұрланған материал бухгалтерлік есеппен өтіп, ақшасы төленіп кетіпті. Одан соң да ұрлық жасала беріпті, оны ешкім тексермепті,  сеніп жүре беріпті. Материал объектіге кірді ме, кірмеді ме ешкім қарамапты. Ол ұрлықты 5 айдан кейін ғана анықтапты».

Сонда бұл не деген қадағалау жоқ, ашық-шашық құрылыс?

Жауапты қызметкерлер, қауіпсіздік қызметі қайда қарайды?

Жалпы материалдық құндылықтар неге дұрыс есепке алынып, дұрыс саналып, нұсқаулыққа сай дұрыс алынып-берілмейді?

Әлде анықталғаны анықталып, анықталмағаны оңды-солды шашылып кетіп жатыр ма? Материалдар құрылыс объектілеріне жетіп жатыр ма?

Әлде қағазбен он тонна, ал нақты бір тонна кіріп, сапасыз құрылыстар салынып жатыр ма?

Сұрақ көп.

BI-GROUP холдингінің қызметкерлері бұл сұрақтарға жауап бере алмады.

Сот та бұл сұрақтарға жауап алуға тырыспады!

Сіздер тексеріп жауап алатын шығарсыздар деп жазып отырмын.

Мен балам Сейдазов Е. BI-GROUP холдингінің «Каспако» және «Bi Global» ЖШС-нде жабдықтаушы болып 2021-2022 жылдары 2,5 ай жұмыс істеп, сол 2,5 айда «Каспако» ЖШС-не 62 426 380 (алпыс екі миллион төрт жүз жиырма алты мың үш жүз сексен) теңге, «Bi Global» ЖШС-не 33 679 175 (отыз үш миллион алты жүз жетпіс тоғыз мың жүз жетпіс бес)теңге шығын келтірді деген айыппен сотталып кетті.

Иә, менің балам сот үкімімен айыпты деп танылды, бірақ сот істі әділ заңды қарамады, заңсыз үкім шығарды.

Заңсыздықтың дәлелі сол – менің балам жұмыс істемеген кезде жоғалған заттарды да менің баламның мойнына жүктеді.

Оның сыртында жоғалмаған, яғни түгендеу кезінде объектіде бар болған затты да ұрлады деп соттап отыр.

Заңсыз үкімнің шығуына «Каспако» және «Bi Global» ЖШС-нің материалдық жауапты тұлғалары мен қаржылық қауіпсіздік бөлімі қызметкерлерінің заң талаптарын дөрекі түрде бұза отырып жасаған құжаттары негіз болды.

Сол қызметкерлер келтірілген шығынның жауаптылығынан өз бастарын алып қашу үшін барлығын менің балам Е.Сейдазовтың мойнына ілуге барларын салды, сол үшін соттың өзіне ықпал жасады деп ойлаймын.

Себебі сот:

- «Каспако» және «Bi Global» ЖШС-нің жасаған түгендеу тізімдері (инвентаризационные описи) ҚР Қаржы министрінің «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығының ( ҚР ӘМ-нде 2015 жылы 6 мамырда № 10954 тіркелген)   Түгендеу жүргізу тәртібі туралы 4 тарауының  61, 65, 67 тармақтарын өрескел бұза отырып жасалғанына;

-түгендеу тізімін жасауға комиссия мүшесі ретінде қол қойған  қызметкерлердің сотта өздерінің түгендеуге қатыспағанын айтқанына,

- түгендеу тізімін түгендеуге қатысуға болмайтын адамдар жасағанына;

- «Каспако» және «Bi Global» ЖШС-нде бухгалтерлік іс-құжаттардың қалай болса солай жасалатынына, ол құжаттар кім көрінгеннің, тіпті сол мекемелерде жұмыс істемейтін адамдардың қолында жүретініне

- жоғалды деген материалдарды учаске басшылары қабылдап алып, бухгалтерия арқылы өткізіп, жеткізушілерге ақшасын төлеп қойып, одан соң  ол материал жоғалды деп менің балама жала жауып отырғанына;

- менің балам Е.Сейдазов жұмыс істемеген кезде жоғалыпты деген материалды да менің баламның мойнына ілгеніне;

- түгендеу тізімі мен аудит, сараптама және сот үкімі бойынша материалдар мен шығын көлемі бойынша айырмашылықтарға

- іс бойынша материалдардың Жеткізуші компаниялардан нақты алынған-алынбағанын дәлелдейтін құжаттардың жоқтығына

- сотта «Каспако» және «Bi Global» ЖШС-нің қызметкерлері өз қызметтік міндеттері мен болған жағдай бойынша дұрыс жауап бере алмай,   материалдардың жоғалуына қалай жол берілгенін түсіндіре алмағанына

- қызметкерлердің жұмысқа деген жауапкершілігі жоқтығына, өз міндеттеріне немқұрайлылығына қарамастан ЗАҢСЫЗ үкім шығарды.

Бұл Заңсыз Үкімнің шығуына сол жауапсыз қызметкерлер ықпал жасап отыр деп ойлаймын.

Құрметті Депутаттар!

Мен қазір қорғаушымен бірге кассациялық сотқа шағым дайындаудамын. Әлі де болса әділдік заңдылық болады деп үміттенемін.

«Каспако» және «Bi Global» ЖШС-нде жасалған жалған құжаттардың негізінде Соттың Заң талаптарын бұза отырып шығарған үкімін қоғам талқысына салып, талқылау үшін журналистерге ақпарат беруге мәжбүр болып отырмын.

Және соттағы әділетсіздікке, BI-GROUP холдингінің еншілес компанияларындағы талан-тараж бен қаржылық заңсыздықтарға баға беру үшін Сіздерге, Депутаттарға осы хатымды жолдаймын.

Әрине Сіз сот үкімі бар екен деп менің баламның тағдырына араласпауыңыз мүмкін.

Бірақ бүкір республика аумағында мемлекет қаржысына мектептер салып жатқан BI-GROUP холдингінің қалай жұмыс істейтіні туралы ақпарат Сіздерге маңызды болуы тиіс деп ойлаймын!

Мемлекеттен тапсырыстар алып, әлеуметтік құрылыстар – мектеп, емхана сияқты ірі құрылыстарды салып жатқан холдингтегі қаржы, материалдық құндылықтарға жауапты адамдардың жауапсыздығы туралы, қатаң есепте болуы тиіс құжаттардың қалай болса солай жасалатынын, тәртіптің жоқтығы туралы білуіңіз керек.

Бұның артында мемлекет қаржысын жымқыру, талан-таражға салу,   одан да маңыздысы салынған құрылыс объектілерінің дұрыс салынбауы, қауіпсіздік мәселесі тұрғанына аса көңіл бөліңіз.

Сотта «Каспако» және «Bi Global» ЖШС-нің менің баламнан материалды қабылдап алып, накладнойларға қол қойып берген Льдетаев, Арыстанбеков деген қызметкерлер «ол материалдарды көрген жоқпыз, Сейдазовқа сеніп қол қойдық» деп жауап берді.

Менің баламды бұрын танымайтын, білмейтін, таныстық-туыстығы жоқ адамдар жұмысқа жаңа келген адамға сеніп қалай миллиондаған ақшаның құжаттарына қол қойып бере береді? Бұл жауапсыздық па? Жауапсыздық!

Және осы жауапсыздықты Сот ол  қызметкерлер үшін қалыпты жағдай деп санады екен. Олардың сотта айтқаны «біз бір-бірімізге сеніп, тексермей жұмыс жасай береміз» дегеніне сене салды. Бұл сыбайласып қылмыс жасауға жол ашу деп санаймын!

Егер ол олардың жеке ақшасы болса бәрі бір, бірақ мемлекеттің тапсырысымен мемлекеттің қаржысына мемлекеттік мектептер салынып жатқанын сот мүлде елмеді. Мемлекеттің ақшасы оңды-солды шашылып жатқан жоқ па деген сұрақты қоймады?

Сіздерге адвокаттың жазған апелляциялық шағымы жолданған.

Апелляциялық шағымда «Каспако» және «Bi Global» ЖШС-нің   қызметкерлерінің бухгалтерлік есеп бойынша қандай заңдарды бұзып  құжаттар жасағаны, сотта қандай жауап бергені, жалпы осы екі мекемеде жұмыстың қалай жүретіні туралы толық сипатталған.

Іс бойынша мән-жайларды анықтап сұрағыңыз келсе, жеке кездесуге келуге дайынбыз.

Осы хатымды оқып, мән-жайларды тексеріп, өз қорытындыңызды жасауыңызды сұраймын.

BI-GROUP холдингі мемлекет қаржысына салған құрылыс объектілерінің аса қымбат бағаға салынатындығы туралы қоғамда айтылып жүрген ой-пікірлердің басты себебінің бірі – холдинг компанияларындағы  заңсыздықпен ақша игеру болып табылады деп ойлаймыз.

Сондықтан BI-GROUP холдингінің мемлекет қаржысын игерудегі іс-әрекетіне  соңғы 5 жылдық көлемде тексеру жүргізуге бастама жасауды сұраймын.

Сол тексерудің нәтижесінде балам Е.Сейдазовтың ісі бойынша орын алған заңсыздықтарды ашуға және әділ, заңды шешімге қол жеткізуге мүмкіндік болады деп сенемін.

Әрі мемлекет қаржысын мақсатты, үнемді жұмсау, құрылыс объектілерінің сапалы салынуы қамтамасыз етілетін болады.

Ата-ана және қоғамдық қорғаушы Камила Нурмаханова, Аширхан Сейдазов

Ескерту: Мақалада аты аталатын заңды немесе жеке тұлғалар редакциямызға жауап беруге ниетті болса, олардың да пікірлерін ұсынатын боламыз.

Abai.kz 

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502