«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша шотына ақша түсетін балалардың тізімі жасалды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында биыл төлем аударылатындардың тізімін жасады.
БЖЗҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, бүгін комиссия 2024 жылы төлем аударылатын 7 миллионға жуық баланың тізімін бекітті. Тізім 1 ақпанда жарияланады.
«Қазір тізім жасалды. Тізімде 7 миллионға жуық бала бар. Олардың бірқатары — биыл 18 жасқа толатын балалар», — деді БЖЗҚ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жинақты азаматтар екі мақсатта пайдалана алады. Тұрғын үй алуға немесе оқу ақысын төлеуге болады.
фото: ғаламтордан
Abai.kz