Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4013 0 пікір 1 Қараша, 2013 сағат 04:55

Азат СЕЙІТМЕТОВ: «Ұзақ жол» телехикаясын маған Қарпықовтың өзі сеніп тапсырды

—    Азат аға, режиссерліктің тізгінін қолға алып жатыр екенсіз. Бұл салада арнайы біліміңіз бар ма?

—    Арнайы білімім жоқ. Менікі жәй әншейін қызығушылық қой. Адам болғаннан кейін өзіңді сынап, мүмкіншілігіңді тексеріп көруің керек. Сол себепті, өзімді режиссерлік қырымнан байқап көріп жатқан жайым бар.

—    Сонымен, режисер болу қолыңыздан келе ме екен? Абай аға (Қарпықов – А.С.) не деп жатыр?

—    (Күлді). Менің ойымша, онша келіңкіремей жатқан сияқты. Басқалардың не ойлайтынын білмеймін енді.

—    Сіз енді камераның бер жағында емес, алдында жүріп үйреніп қалғансыз ғой. Жалпы, жұмыс ұнап жатыр ма?

—    Шынымды айтсам, актерлік жұмысым маған көбірек ұнайды.

—    Бұл сонда сіздің режиссерлік жұмысыңыздың алғашқысы әрі соңғысы болуы мүмкін деген сөз бе?

—    Оны енді уақыт көрсетеді. Бірақ, әзірше мен бұл жұмысқа дайын емеспін.

—    Онда неліктен режиссураға қызықтыңыз?

—    Баяғыда «Саранча» телехикаясына онша барғым келмеген. Бірақ, Абай Сәдуақасұлы қоймай шақырып алған. Мынаны да «Осыны бір байқап көр» деген соң, көріп жатырмыз (күлді). «Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсіріліп жатқан «Ұзақ жол» телехикаясын маған Қарпықовтың өзі сеніп тапсырды. Бастамам жаман емес сияқты. Барымды салып жатырмын. Әрі маған бір емес, екі режиссер ақыл-кеңесін беріп, өздері қадағалап, көмектесіп жатыр.  Әрине, бұл менің тырнақалды жұмысым болғандықтан, өзіме аздап көңілім толмайды.Қалай болғанда да, еңбегімнің бағасын көрермен бере жатар.

—    Жалпы өзіңізге қаталсыз ба, талапшылсыз ба?

—    Әрине.

—    Бұл сіздің алғашқы режиссерлік жұмысыңыз ғой. Қандай сезімдесіз?

—    Аздап қобалжып жүрмін. Уайым басым сияқты. 

—    «Ұзақ жол» телехикаясы туралы не айтасыз?

—    Бұл махаббат туралы мелодрама. Мазмұны «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» дегенге келеді. Яғни, әр адам бақытын алыстан емес, жанынан іздеуі керек. Халыққа ұнау керек.

—    Алғашқы қадамыңыз сәтті болып, режиссерлердің тарапынан жақсы баға алып жатсаңыз, бұл саладағы жұмысыңызды жалғастырасыз ба?

—    Ол жағын қазір айта алмаймын. Оның бәрін уақыт көрсетеді.

Әңгімелескен Ай-Керім Самалбекқызы

PS. «Ұзақ жол» мелодрамасы «Хабар»  телеарнасының жаңа маусымдағы кезекті жобасы. 16 сериядан тұратын туынды  бастан- аяқ  шытырман оқиғаға толы.
Амантай мен Жанар туған ауылынан арман қуып қалаға  келеді.  Бірақ ауылға бауыр басқан олар қаланың қайнаған өміріне үйрене алмай түрлі жайтқа тап болады. Сөйтіп жүргенде бір-бірнен көз жазып, тағдыр олардың өмірін екіге айырады.Телехикаяның екінші бір желісі қос кәсіпкер Мәдина мен Мұсаның қайшылықтарға толы өмірі жайында  өрбиді.

Фильмнің продюсерлері - Абай Қарпықов пен оның ұлы Әлмири.  
Режиссері: Азат Сейітметов
Басты рольдерде: Ләйлә Тілеуова, Мадина Есманова, Гүлбахрам Байбосынова, Қуаныш Мамытқалиев, Азамат Сатыбалды, Болат Әбділманов, т.б..

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322