Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3039 0 пікір 6 Қараша, 2013 сағат 05:18

Қазақ ғалымы Түрік Құрымының құрамына енді

Бұл Құрым 1931 жылы Ататүрік Мұстафа Кемалдың ұсынысымен құрылған. Түркі тарихын зерттейтін әлемнің 40-тан аса мемлекеттерінің ғалымдары қамтылған ұйым.

Құрымның (Академияның) мүшелерін төрт жылда бір рет толықтырып отырады. Ұйымның 62 мүшесі бар.

Осы беделді ұйымға әлемге әйгілі төмендегі ғалымдар мүше болған. Олар: доктор, проф. Радс Мурфей (Rhads Murphey), жапониялық др. проф. Сузуки Тадаши, мысырлық  др. проф. Сейд Мухаммед Ес-Сейд, ирдониялық др.проф. Мухаммад Аданан Аль-Вахит, голлондиялық др. проф. Махиел Киел, франциялық др. проф. Жан-Луис Басху-Жараммонт, макодониялық др. порф. Ахмет Шайр Шериф, тунистік др. проф. Амнон Кохен, канадалық др. проф. Жавин Д. Броскет, түркиялық др. проф. Түнжер Байкара, др. проф. Мүбахат Күтүкоғлы т.т.с.с 62 ғалым қамтылған.

Осы халықаралық беделді ғылыми ұйымға тұңғыш рет Қазақстан ғалымы мүшелікке ілесті.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Түркітану, Алтайтану ҒЗО-ның директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлын 2013 жылдың 30 қазан күні Стамбулдың атақты Шыраған Сарайында өткен Құрымының жалпы жиналысында мүшелікке қабылдады. 1512-1520 жылдары Осман империясының патшасы болған Явуз Селим патшаның шапанын Құрым мүшелеріне салтанатты түрде жабатын Мантиясы еткен екен. Осы салтанат киімі – Мантиясын кигізіп, Қаржаубай Сартқожаұлына Құрымның Символын ұсынып, ұлықтады.

Халықаралық Түрік Тарих Құрымының кезекті жиналысында Түркия Жұмхариятының Пример-Министірінің орынбасары Бүлент Арынч құтықтап, Құрамның алда атқаратын істері қақында келелі сөз қозғап, міндет жүктеді.

Құрымның Президенті др.проф. М. Метин Күлегү, Тіл, тарих, мәдениет құрамының президенті Дерия Өрс баяндама жасады.

Тарих Құрымының құрметті мүшелерінен 21 адам баяндама жасады. Қазақстандық ғалым, др.профессор Қаржаубай Сартқожаұлы «Байырғы түрік мәтіндерін оқудың теориялық және әдістемелік мәселелері» деген тақырыпта баяндама жасап, ғалымдарды ертеортағасырлық Көк Түріктер әлеміне алып барды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394