Балық шаруашылығы: 73 телімде 3 зауыт қана нақты жұмыс істеп тұр
Бүгінгі таңда Алматы облысы Балқаш көлінің аумағындағы су қоймаларында балық аулаумен айналысатын 73 телімде тек 3 зауыт қана нақты жұмыс істеп тұр. Өзгелері аумақты жалға берумен ғана айналысады. Бұл жағдай, түптеп келгенде, балық аулауға берілетін лимитті алуда көп қиындық тудырып отыр.
Аталған мәселе жайлы, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ бағдарламаларын жүзеге асыру және Алматы қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуі аясында инвестициялық жобаларды қаржыландыру түйткілдері бойынша кәсіпкерлермен өткен кеңесте, «Бақанас» ауылдық тұтыну кооперативінің төрағасы Өмірзақ Сәрсенов жеткізді. Жиынға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев және ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков қатысты.

Өмірзақ Сәрсенұлының сөзіне сүйенсек, аталған телімдердің көптігінен, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінен балық аулауға бөлінетін лимит барлығына тең беріледі. «Соның салдарынан нақты жұмыс істеп тұрған біздің зауыттың үлесіне 100 лимит қана тиеді», – дейді кооператив төрағасы. Айтуынша, Балқаш ауданындағы кооператив жұмысының аяқтан тұруына «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ берген несие едәуір көмек болған. «Менің кепілге қойған мүліктерім мен тиісті құжаттарымды қараған корпорация өкілдері жылдам әрі азғана уақыт ішінде несие алуға көмек берді», – деп атап өтті Өмірзақ Сәрсенов. Алған несиеге кооператив германиялық балық өнімдерін өңдеумен айналысатын арнайы құрал-жабдық, тоңазтқыштар сатып алған. Бүгінде Балқаштағы су қоймаларынан сазан, көксерке, жайын секілді балықтарды аулап және оны өңдеумен айналысатын зауыт жылына 1000 тонна балық өндіреді. «Біз ауланған балықтарды Алматы қаласындағы сауда нүктелері арқылы саудаға шығарып, аймақтағы азық-түлік белдеуін дамытуға өз үлесімізді қосып отырмыз», – деп түйіндеді кооперетив төрағасы.
Abai.kz