Жұма, 22 Қараша 2024
Саңлақ 2002 2 пікір 6 Ақпан, 2024 сағат 13:55

Қазақ спорты Құлыбаевтан қашан құтылады?

Коллаж суреттері Google іздеу жүйесінен алынды

Биылғы жылы қазақ спортында біраз ауыс-күйістер орын алмақшы. Нәтижесінде федерациялар мен комитеттерге жаңа басшылар келетін сияқты. Әп бісіміләні Ұлттық Олимпиада комитетінен бастайық.

Өткен аптада Мәжіліс депутаттары комитеттің қазіргі басшысы Тимур Құлыбаевқа шүйлігіп, кәсіпкерлерді спорт саласынан алып тастау керегі туралы айтқан еді.

Ұлттық Олимпиада комитеті Мәжілісмендердің сынына жауап беріп: «Мемлекеттің ҰОК істеріне араласуы заңсыз және елдің имиджіне кері әсерін тигізуі мүмкін», - деп мәлімдеді. Бұл туралы ұйымның мәлімдемесінде айтылды.

Енді Ұлттық олимпиада комитетінің жаңа төрағасы болып боксшы Геннадий Головкин тағайындалады. Бұл туралы YEDILOV ONLINE телеграм арнасы жазды.

ҰОК мәліметтері бойынша, комитет елдің спорттық қызметіне байланысты мәселелерді белсенді талқылауды бағалайды. Алайда Мәжілісмендердің соңғы мәлімдемелері мен үндеулері аясында комитет өз рөлі мен функцияларын түсіндіруге шешім қабылдады.

Мәлімдемеде Ұлттық Олимпиада комитеті үкіметтік немесе коммерциялық емес, қоғамдық ұйым екендігі баса айтылған.

Сондай-ақ ҰОК-нің қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджетке байланысты емес, сыртқы көздерден жүзеге асырылады деп хабарланады.

«Депутаттар мәлімдеген сандар комитет қызметіне ешқандай қатысы жоқ. Аталған мемлекеттік қаражат еліміздегі спортты дамытуға, спорт резервін дайындауға жіберіледі», - делінген хабарламада.

Енді қазақ боксындағы ауыс-күйіске тоқталайық. Кеңес Рақышев 2019 жылдан бері Қазақстан бокс федерациясын басқарып келеді. Ол дзюдо федерациясының құрметті президенті, Қазақстан шахмат федерациясының қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып қала береді. 2023 жылғы қазанда Forbes журналының Қазақстанның 50 беделді бизнесмендерінің қатарына енді (20-орын).

«Integra Construction KZ» құрылыс компаниясының басшысы Шахмурат Муталип Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) президенті болып, осы лауазымда Forbes тізіміндегі бизнесмен Кеңес Рақышевті ауыстырды. Бұл туралы ҚБФ хабарлады.

Федерацияның жаңа президенті Астанада ҚБФ-ның жылдық конференциясында сайланды.
«Маған жүктелген жауапкершілікті қабылдай отырып, қазақстандық боксты одан әрі дамыту, спортшыларымыздың мүдделерін жан-жақты қолдау және қорғау, ҚҚБ-ның ел ішінде де, одан тыс жерлерде де рөлін күшейту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын», - деп мәлімдеді Муталип.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5241