Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2047 0 пікір 13 Қараша, 2013 сағат 05:00

«БРАКОНЬЕР-2013» шұғыл алдын-алу іс-шарасы нәтижелі өткізілді

Экологиялық құқық бұзушылық пен қылмыстарды ашу, биологиялық ресурстардың объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын және табиғатты қорғау заңнамасы саласында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында облыс көлемінде ағымдағы жылдың 21 қазан мен 30 қазан аралығында «БРАКОНЬЕР-2013» шұғыл сауықтыру іс-шарасы өткізілді.

Шара кезінде Түпқараған аудандық ІІБ-нің 19.10.2013 жылғы №340 санды бұйрығы негізінде, ІІБ-і қызметкерлерінен құралған топ құрып, Түпқараған ауданына қарасты «Қаражанбас»,«Сартас-Кездесу»,«Кызыл-Өзен-Саура-Аралды», «Форт-Шевченко-Асан», «Ащымұрын», «Досхана», «Бөрлі», «Жығылған» теңіз жағалауындағы мекендерге тексеру ұйымдастырылды.

Аталған шара кезінде, яғни 22.10.2013 жылы сағат 14:35 шамасында Түпқараған ауданына қарасты «Форт-Шевченко-Тамшалы» тас жолының               4 - шақырымында 1969 жылы туылған, Форт-Шевченко қаласы, тұрғыны «И» деген азаматтың басқаруындағы ВАЗ маркалы автокөлігі тоқтатып, тексеру барысында, көліктің жүк салғышынан 4 дана бекіре тектес балығы табылып, айғақтардың қатысуымен алынды.

         22.10.2013 жылы Түпқараған ауданына қарасты «Сартас» жерінің Каспий теңізінің жағалауында ұзындығы шамамен 70 метрлік ахан ауы және 3 дана бекіре тектес балығы табылып айғақтардың қатысуымен алынды.

       22.10.2013 жылы сағат 22:00 шамасында Түпқараған ауданына қарасты Форт-Шевченко қаласы Ж.Мыңбаев көшесі бойындағы тас жолында 1974 жылы туылған, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылы тұрғыны «К»-деген азаматтың басқаруындағы Тойота Камри  маркалы   автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, көліктің жүк салғышынан 2(екі) ақ түсті қапта мұзға қатырылған бекіре тектес балығы табылып, айғақтардың қатысуымен алынды.

         23.10.2013 жылы сағат 16:30 шамасында Түпқараған ауданына қарасты Бегіл-қайлы жерінде теңіз жағасынан   Мұнайлы ауданы, Манғышлақ  ауылы тұрғыны «Д» -деген азаматтан 5 (бес) дана бас құйрығы жоқ қарны жарылған бекіре тектес балығы табылып, айғақтардың қатысуымен алынды.

         Сонымен қатар, заңсыз балық аулаушылар және балық ресурстарын қорғау ережесін бұзған 6 азаматқа қатысты ҚР-ның ӘҚБК-нің 369 бабының 1 бөлімімен  әкімшілік хаттама толтырылды.

ІІД Баспасөз қызметінің жетекшісі Ш.Юлдашева

0 пікір