Фотообъективте – шежірелі Маңғыстау
Маңғыстау облысының мəдениет басқармасының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысының 40 жылдығы жəне ақ маржан қала –Ақтаудың 50 жылдық мерейтойлары қарсаңында Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Маңғыстау жетістіктері - фотообъективте» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтті.
Бұл көрмеде Қазақстанның белгілі фотосуретшісі Вадим Соловьевтің өте жоғары талғаммен, асқан шеберлікпен жасалған фототуындыларынан көрсетілген. Фотокөрмеде Ақтау – теңіз қақпасы, қаланың жалпы көрінісі, мұнай өндірісі, теміржол желілері, əуеқатынасы тақырыптары қамтылған.
Көрмеден өлкенің соңғы жылдардағы жетістіктерін көруге болады.
Сондай-ақ, Ақтау қаласының 50 жылдық мерейтойы аясында танымал фотосуретші Виктор Малюктің жеке фототуындыларынан жəне мұражай қорындағы фотоматериалдардан «Қалам менің – мақтанышым» атты көрме жасақталған.
Көрмеде аса құнды мұражай қорындағы жəне Виктор Малюктің жеке қорында сақталған ақ, қара түсті негативтер арқылы жасалған Ақтау қаласының тарихы мен бой көтеруі туралы фотосуреттерді көре отырып, қала тарихынан жан-жақты мағлұмат ала аласыз.

Виктор Дмитриевич Малюк – кезінде қала құрылысымен айналысқан Каспий аймақтық құрылыс басқармасында (ПУС) ұзақ жылдар қызмет атқарды. Ол өзінің жұмыс тəжірибесінде қаланың іргетасының қалануынан бастап, қаланың күні бүгінге дейінгі тыныс-тіршілігін өзінің
шығармашылығына арқау еткен.
Бұл көрмелер мұражай келушілерінің назарына ұсынылады. Сонымен қатар Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының тарихы туралы мұражайда экспозиция жұмыс жасайды. Бұл экспозициялар арқылы мұражайға келушілер жан-жақты мағлұмат алады.
Елбасының Маңғыстауға сапары, шет елдік қонақтар, Қазақстанның танымал тұлғаларының Маңғыстауға келген сəттері жəне т.б слайдтар көрсетіледі.
Abai.kz