Сәрсенбі, 23 Сәуір 2025
Жаңалықтар 1505 4 пікір 13 Ақпан, 2024 сағат 20:05

Министр: Елімізде 750 мың теңге зейнетақы алатындар бар

Фото: azattyq-ruhy.kz

Еліміздегі ең көп зейнетақы алатын зейнеткер анықталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі растады, деп хабарлайды Abai.kz.

Светлана Жақыповадан журналист:

- Қазір 750 мың теңге зейнетақы алатын адам бұрын қанша жалақы алған? деп сұрады.

"Оның 1998 жылдан бері жоғары жалақы алатын лауазымдарда жұмыс істегені рас. Шамасы, ол максимал мөлшерде төлем жасаған. Меніңше, ол конвертпен алмай, әр жалақысынан 10 пайызды тікелей аударып, осындай зейнетақы алып отыр. Бәрінде осындай зейнетақы болсын деп тілеймін", - деді Светлана Жақыпова.

Сондай-ақ, министр ең көп зейнетақы иесінің бұрын қанша жалақы алғанын айта алмайтынына алға тартты.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2160
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5047
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4290