Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2418 0 пікір 8 Қараша, 2013 сағат 04:29

Өндірістік тәжірибеден өткен мамандар ғана жұмысқа алынады

Шетпеде құрылысы қарқынды жүріп жатқан «КаспийЦемент» зауыты іске кіріскенше оған қажетті мамандар даярлау мақсатында үстіміздегі жылдың ішінде 2 топ, яғни 54 адам Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданындағы Бұқтырма цемент зауытынан өндірістік тәжірибеден өтіп келген болатын.

Бүгінгі таңда аталмыш зауытта 6 апта көлемінде тәжірибе жинақтап келген 1-топтан 20 адам, 2-топтан 26 адам жергілікті жердегі өндіріс орнына әртүрлі қызметтер бойынша жұмысқа алынды. Сонымен қатар Шығыстағы цемент зауытында теория мен тәжірибені жақсы меңгеріп, оқып-түйгенін сынақ барысында көрсете білген Т.Тілеуханов пен Ж.Айдаров Ресейдің Тула қаласындағы «Heidelberg» цемент зауытына білімдерін жетілдіруге жіберілді.

«Каспийцемент» ЖШС директоры А.Зурабовтың айтуынша, цемент өндіру ісіне машықтанғандардың алды «Каспийцементте» қажетті өнім алудың алғышарттарын орындауға атсалысуда. Алдағы уақытта тәжірибеден өтуге тілек білдірушілер іріктеу сынынан өткеннен кейін оларды цемент зауыттарына жіберіп, қажетті мамандар даярлау ісі жүйелі жүргізіле бермек.

Өткен айда межелі мақсатпен Бұқтырма цемент зауытына 28 адамнан құралған топ өнім шығарудың тәсілдерін үйреніп, кәсіби біліктілігін шыңдауға аттанды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475