Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2340 0 пікір 11 Қараша, 2013 сағат 08:41

Дәрігерлер «жемқорлық» дертімен ауыра ма?

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы–қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Аймақтық комиссияның шешімімен Қоғамдық кеңес құрылып, жұмыс жүргізуде.
Өткен жылы құрылған қоғам-дық кеңесте емдеу-сауықтыру мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар қаралған бес мәжіліс өткізілді. Қоғамдық кеңес құрамына облыс әкімдігінен, құқық қорғау органдарынан мүшелер енгізілген. Облыстық емдеу сауықтыру мекемелері басшыларының қатысуымен облыстық аурухананың бөлімшелерінде тексеру жүргізіп, заң бұзушылықты болдырмау, бюджет қаржысын мақсатты пайдалану, мезгілінде игеру, тағы осындай мәселелерге ерекше мән беріледі.

Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесіне көшуге байланысты медициналық қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында жемқорлықпен күрес жұмыстары жүйелі түрде жалғаса бермек. Жақында мұның бір көрінісі іспетті болған шара ұйымдастырылды. «Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бағытындағы әлеуметтік тапсырысты жеңіп алған «Тенгри» жастар қоғамдық қоры облыстық ауруханада аталмыш жобаның таныстырылымын өткізді.
– Сыбайлас жемқорлық – еліміздің экономикалық дамуына да, азаматтардың моральдық жағдайына да кері әсер ететін проблема, - дейді қор төрайымы Жанна Алмакаева. - Біздің елімізде де бұл мәселе өте өткір боп тұр. Өткен жылы «Тенгри» қоры жүргізген әлеуметтік сауалнама қорытындысында облыс орталығы тұрғындарының 49,6% Ақтауда да жемқорлық көрсеткіші жоғары екендігін байқатты. Ал 40,8% орташа деңгейде екендігін айтқан болатын. Меніңше, олардың барлығы сыбайлас жемқорлық жағдайларына тап болғандар. Сондай-ақ олардың көрсетулеріне қарағанда, жемқорлықтың 18,3% денсаулық сақтау саласына тиісті. Біз облыс аумағындағы көптеген медициналық мекемелерде сауалнама жүргізуді бастадық. Осы сауалнаманың қорытындысы бойынша «Сыбайлас жемқорлықсыз үздік медициналық мекеме» байқауының жеңімпазын анықтап, жыл аяғында марапаттамақпыз. Бұл шара өзге медициналық мекемелерді де ынталандырады деп сенеміз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұдан да басқа іс-шараларымыз аз емес. Жоба аясында құқық қорғау органдары, қоғамдық кеңестер, емдеу-сауықтыру мекемелері өкілдерінің қатысуымен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізуді жоспарлап отырмыз.
Жоба таныстырылымы барысында қоғамдық қор өкілдері науқастармен кездесіп, медициналық көмектің сапасы жөнінде сауалнама жүргізді. Ал оның нәтижесі өзге медициналық мекемелерде өтіп жатқан сауалнамалармен бірге анықталмақ.
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498