Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2271 0 пікір 11 Қараша, 2013 сағат 04:34

Қарақия көкөніс өңдеуді қолға алды

Құрықтан көкөніс консервілері шығарылуда деп хабарлайды «Маңғыстау» газеті.

 «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның ауылдағы шағын кәсіпкерлікті дамытуға қосып келе жатқан үлесі зор. Қаржы институты ауыл шаруашылығына және ауылдағы бизнеске жеңіл пайызды несие беріп, ауыл кәсіпкерлеріне қаржылай көмек көрсетеді.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ өзінің ауыл тұрғындарына ұсынатын несиеден басқа мемлекеттік бағдарламаларға, соның ішінде «Дипломмен ауылға» және «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламаларын жергілікті жерлерде жүргізуге қатысып келеді. Қордың қолжетімді бағдарламаларының арқасында ауылдарда бірнеше кәсіпкерлік нысандары, қызмет көрсету орындары ашылды.

Инновациялық жоба деуге болатын жаңа нысанның бірі, Қарақия ауданы Құрық ауылында ашылған «Көкөніс өнімдерін консервілеу цехі».

Бұл жобаны жүргізу үшін несие алуға жеке кәсіпкер Г.Бекбауовадан өтініш түскен. Осы жобаны қарау кезінде бірнеше сұрақтар туындап, үлкен тәуекелге барып қаржыландыруға шешім қабылданды.

Себебі, облысымызға көкөніс, жеміс-жидектер басқа облыстардан және көршілес шет елдерден келіп жатқаны бәрімізге мәлім. Сонымен, 2012 жылдың қараша айында несие шарты жасалып, жобаға қажетті құрал-жабдықтар алуға 5 жыл мерзімге 8 000 000 теңге несие берілді.

Қазіргі таңда жоба іске қосылып, алғашқы өнімдерін шығара бастады. Шағын цехта кәсіпкердің өзінен басқа 6 адам жұмысқа қабылданған екен. Кәсіпкердің айтуынша, осы адамдарға «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында айлық жалақысының бір бөлігін мемлекет төлейді екен.

Алғашқы кезде күніне 200 банка консерві өнімдерін шығарамыз, - дейді жеке кәсіпкер Г.Бекбауова. 

Abai.kz

0 пікір