Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2151 0 пікір 11 Қараша, 2013 сағат 04:37

Жаңаөзен қаласын дамтыуға банктер жағдай жасайды

Маңғыстаудағы банктермоноқалалардыдамытуғаүлесқосады деп хабарлайды «Маңғыстау» газетінен Риза Оңғарбай.

 Жақында облыс орталығындағы екінші деңгейлі банк өкілдері жиналып моноқалаларды дамыту мәселесін талқылаған жиын өткізді. Біздің өңіріміз бойынша бұл санатқа жататын Жаңаөзен қаласы. Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласын дамытып, ондағы шағын және орта бизнесті көтеруге бағытталған ауқымды шаралар қолға алынып отыр. 

Күні бүгін Жаңаөзен қаласында 125 мың адам тұрады. Қаланың көлемі 0,5 мың шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Қаланың экономикасы көп салалы, соның ішінде ең негізгісі мұнай-газ өндіру секторы.

Қазақстан Республикасында жоспарлы экономика заманынан мұраға қалған көппішінді елді мекендер басым. Олардағы кәсіпорындардың өндіріс циклдары әлеуметтік және экологиялық тұрғыда елді мекен тұрғындарының алдында жауапты территориялық-өндірістік кешендерді дамыту принципі негізінде құрылған. Қазақстандағы моноқалалар саны 27, олардағы халықтың жиынтық саны 1,53 млн. адам, ол республика халқының оннан бірі.

Моноқалаларды қайта жаңғыртып, олардың әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет «2012 – 2020 жылдарға арналған Моноқалаларды дамыту бағдарламасын» жасады. Ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24 мамыр 2012 жылы №683 қаулысымен бекітілді. Бұл бағдарламаға қоса Жаңаөзен қаласында Әлеуметтік даму жоспары шеңберінде 2011 жылғы 16-18 желтоқсанда болған тәртіпсіздік зардаптарын қалпына келтіру операцияларындағы кәсіпкерлердің қызметін қолдау мақсатында құрылған 2012-2014 жылдарға арналған бағдарлама жүзеге асырылуда.

Осылайша 20.06.2013 жылы Жаңаөзен қаласы кәсіркерлеріне берілген несиелерді субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық келісімі шеңберінде Бағдарламаға қатысушы банктер, Маңғыстау облысы бойынша «Даму қоры» АҚ ӨФ, сондай-ақ Жаңаөзен қаласы әкімдігінің өкілдері қатысқан жиналыс болды.

«Даму қорының» директоры Б.Өтепбаев жиналысқа қатысушыларды Жаңаөзен қаласын дамыту жөніндегі Бағдарламаның жұмысын күшейтуге шақырды. Осылайша Жаңаөзен және моноқалалар тізіміне кіретін басқа қалалар да экономикаларын қалпына келтіріп, даму жолына түсетін болады және бұл жағдай тек моноқалалар ғана емес, тұтастай алғанда еліміздің дамуына да септігін тигізетін болады.

Жиналысқа қатысқан өңіріміздегі екінші деңгейлі 11 банк өкілдері осындай ұйғарыммен тарасты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5500