Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 978 0 пікір 26 Ақпан, 2024 сағат 12:32

Қара шаңырақтағы белсенді студенттер өмірі

Сурет ҚазҰУ сайтынан алынды

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие, Қазақстанда  білім мен ғылымның ірі орталығы, инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы.

ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. ҚазҰУ - сыйластық пен шынайы достықтың мекені, өте ауқымды білім ордасы. ҚазҰУ - талантты және дарынды жастардың басын қосатын құтты мекен. ҚазҰУ - студенттердің тұлғалық дамуына зор әсерін тигізетін, жан жақты қабілеттерін ашатын мүмкіндіктер мекені. Мұнда оқуға түскен студент өзін барлық жағынан дамытуға толық жағдай жасалған.  Университет аумағында: Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, ғылыми кітапхана, интернет орталығы, спорт кешені мен стадион, сондай-ақ «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы орналасқан. Сонымен қатар, «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының қоғамдық бірлестігі, «Студенттер кеңесі», «Студенттер сенаты», «Көмек ұйымы», «Құқықтық тәртіп сақтау жасағы» сынды түрлі ұйымдар бар.

ҚазҰУ Заң факультеті оқу ордамыздың студенттерін әрқашан қолдайды. Білім беру бағдарламалары бойынша маман даярлау жоғары білікті профессорлар мен оқытушылар арқылы жүзеге асырылады. Факультетте студенттердің шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін барлық жағдай жасалған. Кафедраларда студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді. Факультет студенттері жыл сайын университетте өткізілетін ғылыми-практикалық конференцияларға, сондай-ақ республикалық және аймақтық конференцияларға, олимпиадаларға, конкурстарға белсенді қатысады. Университетіміз  сыйластық пен шынайы достықтың мекені, өте ауқымды білім ордасы, талантты және дарынды жастардың басын қосатын құтты мекен.

Қара шаңырақ атанған ҚазҰУ - студенттердің тұлғалық дамуына зор әсерін тигізетін, жан-жақты қабілеттерін ашатын, мәдени мұралар  мекені. Соның бірі-ҚазҰУ музейі. Музей қайта жөндеуден кейін 2013 жылдың 13 сәуір күні университетіміздің Ғылыми кітапханасымен бірге салтанатты түрде ашылған еді. Музей тарих галереясы, Даңқ залы, Университеттің тұрақты дамуы атты 3 залында университеттің құрылу тарихы 120 витриналарда жүйелі жинақталып, 5 мыңнан астам тарихи құнды және сирек кездесетін құжаттар мұражай экспонаттары ар­қылы көрсетілген. Музейдің негізгі мазмұндық құрылымы – диорамдық кешендері мен жаймасөрелері тақырыптық экспозицияларға бөлінген. Олар: «Көне Отырар – естеліктер қазынасы»,  «Әл-Фарабидің жастық шағы», «Ұлы Жібек Жолы бойымен», «Әл-Фараби. Шығыс пен Батыс сұхбаты»; «Әл-Фараби еңбектері – адамзаттың асыл қазынасы», «Әл-Фараби және түркі әлемінің ойшылдары», «Әл-Фарабидің рухани мұрасы және қазіргі Қазақстан» сынды мұралар сақталған. Мұражай қорында - 12000 артық құнды деректер жиналған, олардың ішінде 9800 - фотоқұжат, 30 - қолжазба, 155 - сыйлық, сувенир, портрет және картиналар, 1250 - кітап, ақпараттық басылымдар мен тағы да басқа құнды мұражай заттары бар.Мұражай университеттің қалыптасуы мен дамуындағы негізгі кезеңдер, білім беру жүйесінің жетілгендігі, халықаралық байланыстардың нығайғандығы, студенттердің қызықты кездері, жалпы университеттік кафедралар мен кітапханалардың  қазіргі заманға сай инновациялық өсуімен танысуға болады. ҚазҰУ мұражайы қала мәдениетінің ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша маңызды нысан деп ойлаймын. ҚазҰУ-дың мәдени ошағының тағы біреуі- Әл-Фараби кітапханасы — Орта Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкен кітап қорына ие мекеме. Бүгінгі таңда кітапхана қоры 2 миллионнан аса кітапқа жеткен. Ғылым ордасының алғашқы іргетасын елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қалаған. Оның ашылу салтанаты 2013 жылдың наурыз айында өткен болатын. Кітапханамызда концерттер, көрмелер, бітірушілерді дипломмен табыстау, құттықтау би кештері т.б. ғылыми және қоғамдық маңызы бар жиналыстар өткізіліп тұрады. Кітапханада студенттерге барлық жағдай жасалған. Мұнда абонемент және жылы оқу залдарымен қатар, конференция залдары, элекетронды бөлім жұмыс істейді. Жабдықтардың барлығы заманауи талаптарға сай келеді. Мұнда келген студент компьютер арқылы іздеген кітабының бар жоқтығын бірнеше минутта ғана тексеріп алуына болады. Университетте дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын түрлі іс-шаралар бар. «Ана тілі аруы-Жігіт сұлтаны», «Квн ойындары», «Ең үздік студенттік топ», «Спорттық жарыстар» т.б.

Қорытындылай келе, университеттің ашылуынан бастап, бүгінгі күнге дейін ҚазҰУ Қазақстанның көптеген рейтингтерінде өзінің позициясын сақтап келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері мемлекеттік аппаратта жоғары қызмет атқарады, мемлекетіміздің барлық салаларында, көптеген танымал компанияларда еліміздің өркендеуі үшін еңбек етуде.

Сулейменова С.Ж.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318