Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2747 0 пікір 14 Қараша, 2013 сағат 17:50

«Жаңғырған асыл мұра»

Астананың «Конгресс холл» фойесінде 450 шаршы метр жерге Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қорынан апарылған «Жаңғырған асыл мұра» атты «Мəдени мұра» бағдарламасы аясында дайындалған 30-дан астам жəдігерлерден тұратын дəстүрлі қолданбалы өнердің туындылары қойылды. Жəне «Ұғымталға ұқтырары көп ұлағатты өлке» атты археолог, фотосуретші А.Астафьевтің Маңғыстаудың ғажайып табиғатын бейнелейтін 40-қа жуық фотосуреттерінен тұратын көрмесі, суретші Р.Құлбатыровтың «Маңғыстау» тақырыбында салынған 30-дан аса көркем суреттері таныстырылды. Ал, тарихи-мəдени қорықтың «Маңғыстау-ашық аспан астындағы мұражай» атты көрмесінде Маңғыстаудың теңдессіз табиғаты, археологиялық ерекше сəулет ескерткіштері, жерасты мешіттері, сондай-ақ салт-дəстүр, көшпелі мəдениеті бейнеленген.
«Конгресс холдың» 1600 адамға арналған концерт залы көрерменге лық толды. «Астана-арманым, Маңғыстау-мəңгі əнім» атты Маңғыстау өнер шеберлерінің концертіне Қазақстан Халық жазушысы Əбіш Кекілбаев бастаған астаналық əдебиет, өнер қайраткерлерімен қатар, ҚР Парламенті Сенаты жəне Мəжілісінің депутаттары қатысты.

Концертке М.Өскінбаев атындағы облыстық филармонияның өнер ұжымдары, Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрі, домбырашылар ансамблі, «Ақжарма» фольклорлық жəне камералық ансамбльдері, ҚР Еңбек сіңірген əртісі Р.Айдарбаева, ҚР Мəдениет саласының үздіктері Асқар, Асанəлі Көшеровтер, А.Ерімбетова, Ж.Көшкінов, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты Тамара Асар, «Жас қанат» жастар сыйлығының лауреаты Аида Байгелова, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Ш.Сапарова, Қ.Жантұрған, Абай атындағы МДК-нің «Ертегілер», «Əуен», вокальды-аспапты ансамблі мен «Молодость» джаз жəне халықтық «Жорға» би ансамбльдері, «Мирас» ер балалар хоры, Тəрбия Айдынбаеваның сəн үйінің «Адай қыз» коллекциясы, сонымен қатар ҚР еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Айгүл Қосанова, республикалық «Əлем-Арт» телевизиялық байқауының бас жүлдегері Нұрым Асханов, республикалық студенттік олимпиаданың 1-орын иегері Əзімхан Баймағанбетов өнер көрсетті.
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527