Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3776 0 пікір 14 Қараша, 2013 сағат 18:01

«Отбасы және бала құқығы»

Басқұдық ауылындағы №9 орта мектепте Мұнайлы ау-дандық «Азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Отбасы және бала құқығы» тақырыбында сұхбат алаңы ұйымдастырылды.
Сұхбат алаңының мақса-ты-жасөспірім қылмысының өршу кезеңдеріне және себептеріне талдау жасай отырып, мүдделі тараптардың ынтымақтастығын нығайту, ата-аналарға балалардың өз құқықтарын қорғау және міндеттерін дұрыс атқаруға кеңес беру.
Аталмыш шараға селолық округ әкімінің орынбасары М.Жұмабаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Кезбаев, аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі аға инспекторы, полиция капитаны Ж.Сарбасова, облыстық балалар құқығын қорғау басқармасының басшысы Б.Әлібекова үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және ата-аналар, оқушылар қатысты.
Жиында «Мұнайлы аудан-дық Азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігі тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Олар жергілікті атқарушы билікке, осы мәселемен айналысатын мекемелерге және азаматтық қоғам институттарына, БАҚ-қа отбасы құн-дылықтары мен салт-дәстүрді насихаттау және түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу, ата-аналардың балалары-ның жасаған қылмысы үшін жауапкершілігін күшейту, әкімшілік және қылмыстық жа-уапкершілікке тартуға дейін бару, білім беру мекемелерінің азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп, балалар мен жасөспірімдер көзқарасын қалыптастыруға белсенді атсалысуы қажет екенін алға тартты.

Маңғыстау облыстық «Балалар құқығын қорғау» бас-қармасының басшысы Балнұр Әлібекова: «Отбасында жеткіншек ер баланы тәрбиелеу – бұл қарапайым емес маңызды және жауапкершілікті талап ететін үлкен іс. Осы тұста ата-ана олардың жан дүниесін түсініп, дер ке-зінде бағыт-бағдар көрсетсе, бұл олардың бала тәрбиесін-дегі тапқырлығы болып саналады. Ер бала бойында болып жатқан кез келген өзгерістерді ескеріп, ата-ана баламен жүргізетін тәлімдік, тәрбиелік істерді олардың барлық қырынан зерттей, ішкі «Меніне» әсер ететіндей ешқандай іс-әрекетке бармай, жақын досындай ақыл-кеңес бере отырып жүргізуі қажет. Бір сөзбен айтқанда, егер сіздің балаңыздың өмірде белгілі деңгейде жетістікке жетуін қаласаңыз, жеке тұлға ретінде, маман ретінде ашылуына көмек беру қажет. Бұл ата-ана үшін, балалар үшін және қоғам үшін өте тиімді»,- деп атап өтті.
– Жеткіншектердің қыл-мысқа ұрыну себеп-салдары әр түрлі. Солардың негізгілеріне тоқталып өтсек. Алдымен отбасындағы берекесіздік, ата-ананың маскүнемдікке салынып, басқа да жағымсыз қылықтарға жол беруі бала тәрбиесіне кері әсер етіп, оның мінез-құлқына теріс әсер етеді.
Кәмелетке толмағандардың жоғарыда көрсетілгендей қылмыстық әрекеттерге баруына негізінен олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларының төмен болуы мен ата-ана тәрбиесінің жоқтығы, күндіз-түні көгілдір экраннан тоқтаусыз беріліп жатқан қатыгездікті уағыздайтын шетел фильмдерінің жасөспірімдер санасы-на ықпал еткені сөзсіз. Соның нәтижесінде жастар мен жасөспірімдер арасынан небір жан-түршігерлік қатыгездіктер бой көтеруде. Бұған ата-аналар мен мектеп оқытушыларының бала тәрбиесіне селқостықпен қарауы да жол бергені ақиқат.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 113,114-баптары бойынша кәмелетке толмағандарға алкоголь ішімдіктерін, темекі және темекі бұйымдарын сатуға тыйым салынады. Алайда, бұл талаптың бұзылуына жол берушілерді кездестіруге болады,- деді ау-дандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы Ж.Сарбасова.
Сондай-ақ, шараның соңында ата-аналар мен оқушылар тарапынан әр түрлі мәселеге байланысты сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520