Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1957 0 пікір 14 Қараша, 2013 сағат 18:14

Шетелден келген ағайындардың жайы сөз болды

Өткен аптада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Саламат Аманбаев пен комитеттің бас сарапшысы Марат Тоқсамбаев өңірімізде болды. Олар алдымен оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында атамекенге қоныс аударған қандастарымызбен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берді. Мұнан кейін Саламат Ермұханұлы мен Марат Есімқұлұлы Өмірзақ ауылында болып, тұрғындардың еңбекпен қамтылу жағдайымен, оралмандар тұрмысымен танысты.
Сондай-ақ олар аудандар мен қалалар əкімдерімен, жергілікті атқару органдарының басшыларымен жəне үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерімен оралмандарды жұмыспен қамту
жəне оларға əлеуметтік қолдау көрсету мəселелерін талқылаған кеңес, дөңгелек үстелдер, оралмандар кеңесін өткізді, «Жол картасы – 2020» бағдарламасының орындалу барысымен танысты.
Тұрғындарының басым бөлігін алыс-жақын шетелдерден келген қандастарымыз құрайтын Мұнайлы ауданында дүкен, шаштараз, шеберхана секілді əлеуметтік қызмет көрсету нысандарына кіріп, олардың иелерімен, қызметкерлерімен тілдескен Саламат Ермұханұлы кешегі оралман боп келген бауырлардың өз істерін дөңгелетіп отырғандарына куə болып,
ризашылығын білдірді. Іс-сапармен жүрген қонақтар Қарақия ауданында да болып, өңірімізде «Жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан игі шаралармен кеңірек танысты.

С.Аманбаев оралмандармен болған басқосуларда оралмандарға квота берілмейтінін бірнеше қайтара айтудан жалықпады. Бұған осыдан бір-екі жыл бұрын елге келген ағайындардың кейбірінің квотадан үміттеніп, Қазақстан Республикасының азаматтығын алмай жүруі себеп болды. Журналистермен өткен брифингте де осы мəселеге назар аударылды.
Ол өздерінің Маңғыстауға «Жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысуға келгендерін айта келіп, мұнда оралмандар мəселесінің оң шешімін тауып жатқанын атап өтті. «Жол картасы – 2020» бағдарламасының орындалуы үшін мемлекет тарапынан мол
қаржы бөлінген. Бағдарлама аясында оралмандарға жағдай жасалып, мамандығы жоқтарды оқытып, жұмысқа орналастыру мəселесі шешілуі тиіс. Бұл орайда жергілікті билік орындарының
көмегі қажет болады. Осы сапарымызда бұл шаралардың барлығы пысықталып, түсінік берілген сияқты», деді Саламат Ермұханұлы. Сонымен қатар ол оралмандарға бұрын берілген квотаның
бірер жыл бұрын тоқтатылғанын айтты. Парламентте қазір қаралып жатқан көші-қон туралы заң қабылданғаннан кейін оралмандар үшін басқа да жеңілдіктер болуы мүмкін екендігін еске салған С.Аманбаев бүгінге дейін квотадан дəмеленіп, азаматтық алмай жүрген оралмандардың ҚР азаматтығын ештеңеге алаңдамай ала беруі қажет екендігін қаперге берді. Өйткені, талқыланып жатқан заң жобасында да квота беру мəселесі қарастырылмаған. Оның орнына оралмандар орналасуы үшін белгілі аймақтар белгіленіп, қоныс аударушылар қалауына қарай сол жерлерді байқап, көріп, ұнаса отбасын көшіріп алуы мүмкін. Ал бір жыл өткен соң олар оралман емес, еліміздің толыққанды азаматы болмақ.
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5517