Алматыда тағы да жер сілкінді
Бүгін сағат 11:23 шамасында Алматы қаласында 5,2 баллдық жер сілкінісі орын алды. Жер сілкінісі Қазақстан, Қытай және Қырғызстан аумағында болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2.
MPV магнитудасы 6.1.
Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б.
Тереңдігі 10 км.
Алматыда сезілуі – 5 балл.
"Алматы қаласының аумағында жер сілкінісі болды. Үрейге бой бермеңіз. Бірінші тербеліс аяқталғаннан кейін ғимараттардан шығыңыз. Жақын орналасқан қабылдау пунктеріне барыңыз. Тек ресми көздерден алынған ақпаратқа сеніңіз. Назар аударыңыз, сирена сигналын естіген соң құлақтандыру құралдарын қосыңыз. Жағдай анықталған соң қосымша ақпарат жеткізіледі", - делінген ТЖД хабарламасында.
Қаңтар айындағы жер сілкінісінен кейін халық бұл жолғы жер сілкінісіне сақадай сай болды. Дүрліккен халық далаға шығып, қауіпсіз аймақтарға бой тасалап, өздерін қауіптен арашалауда.
Қалада төтенше жағдайға қатысты сирена дыбыстары қосылып, 9 баллдық жол кептелісі орын алды.
Дариға Ержанқызы
Abai.kz