Алматыдағы метролар жұмыстарын тоқтатты
Бүгін Алматыдағы болған күшті жер сілкінісінен соң метро өз жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлады Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі. Метро мамандары халықтың қауіпсіздігі үшін туннельдерді тексеруді бастап кеткен.
"Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін метрополитен мамандары туннельдерді тексеру жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаментінен жұмыс орындарына кіруге рұқсат алғаннан кейін үш сағат ішінде метрополитен жұмысы қайта жанданады. Қосымша ақпарат төтенше жағдайлар қызметінің ұсыныстарын алғаннан кейін жарияланады", – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, қала ішіндегі ғимараттардың қирауы, метро аймағында оқыс жағдайлар тіркелмеген, бірақ барлық жолаушылар эвакуацияланған.
Abai.kz