Ана денсаулығы басты назарда!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Республикамыздың барлық аймақтарында 23 қазан мен 3 қараша аралығында «Әйел денсаулығын қорғау» , «Қатерлі ісік ауруларының алдын алу » мақсатында онкүндік ұйымдастырылды.
Обырға қарсы күрес күні аясында Қазақстанның барлық аймағында 23қазан 3 қараша аралығында «Онкологиялық аурулардың алдын алу » онкүндігі өтті. Осыған орай, емдеу-сауықтыру мекемелерінде іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл облыс көлемінде «Обыр ауруының алдын алу және ерте кезеңінде анықтау. Акцияның мақсаты-онкологиялық аурулар мәселесіне қоғамның назарын аударту, тұрғындар мен медицина қызметкерлеріне жаҺандық сипат алған қатерлі ісік ауруы түрлерін алдын алумен ерте анықтау жөнінде ақпараттандыру, ел азаматтарын скринингтік тексерудің қажеттілігін түсіндіру болып табылады.

Осы мақсатта 26 қазан күні облыстық «Қазақстан Ақтау» телеарнасынан «Денсаулық» бағдарламасы «Жатыр мойны обыры неден пайда болады» деген тақырыпта эфирге шықты. Онда акушер гинекологтар А.Ақбердиева, А.Сарсеновалар қатерлі ісік ауруының алдын алу мақсатында халыққа түсінік жұмыстарын жүргізді. Облысымыздағы барлық емдеу-сауықтыру мекемелерінде Жаңаөзен қалалық, Түпқараған, Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия аудандарындағы емдеу-сауықтыру мекемелерінде сенбі күні «Ашық есік» күні жарияланып, онколог дәрігерлер, мамандар тегін қабылдап, кеңес берді. Барлық-емдеу сауықтыру мекемелеріне ақпараттық ағартушылық материалдары тегін таратылды .
28 қазан күні «Қазақстан Ақтау» телеарнасының «Резонанс» бағдарламасынан «Онкологиялық аурулардың алдын алу» тақырыбында тікелей эфирден облыстық онколгиялық диспансер директоры Н.Ж.Мұханов екі тілде тұрғындар сауалдарына жауап берді Онкүндік барысында халық көп шоғырланған жерлерде онкологиялық аурулардың алдын алу, оны дер кезінде анықтау жайында ақпаратттық шаралар ұйымдастырылды. 30 қазан күні облыс орталығындағы «Олжа» әмбебап базарында «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, «Жылжымалы медициналық кешен», дәрігерлік бригада құрамында онколог, терапевт, маммолог, гинеколог дәрігерлері халыққа кеңес беріп, тұрғындарды тегін қабылдады.
Облыстық «Маңғыстау», «Огни Мангистау», қалалық «Ақтау ақпарат», «Маңғыстау дәрігері», «Тумба» газеттерінде онколог дәрігерлердің «Қатерлі ісік ауруынан сақтану жолдары» тақырыбында материалдары жарияланды.
Қаламыздағы жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері арасында және Жаңаөзен, Түпқараған, Мұнайлы, Қарақия , Бейнеу аудандарындағы мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында онколог дәрігерлер «Қатерлі ісік ауруынан сақтану жолдары» тақырыбында дәріс оқыды. Облыстық онкологиялық диспансердің онколог дәрігерлері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз конференциясын өткізді.
Abai.kz