Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2384 0 пікір 14 Қараша, 2013 сағат 19:26

Қанатты жедел жәрдем

Қанатты жедел жәрдем. Облыста санитарлық авиация бригадасы қызмет ете бастады. Оларға арнайы ұшақ пен тікұшақ беріліп отыр. Енді Ақтаудан шалғай орналасқан ауыл-аймақ тұрғындары қажетті медициналық көмекті уақытында алатын болады. Науқастарды шұғыл түрде орталыққа жеткізу де бұдан былай қолдан келеді. Бұл мүмкіндік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында туып отыр. Санавиация алғаш болып, Бейнеу аудандық ауруханасына көмекке жетті. Нысаналы Ығыл тарқатады.
Кесір тілігі жасалған бейнеулік келіншектің жағдайы күрт төмендепті. Ол жансақтау бөліміне жатқызылған. Шұғыл хабар алған санавиация экипажы «АН-28» ұшағымен 500 шақырымдық жердегі ауданға бір жарым сағатта жетіп барды. Жаңа босанған анаға орталықтан барған мамандар дер кезінде тиісті жәрдем көрсетті.
Жасталап Дүйсекенов – санавиация дәрігері:
- Әйел адамға 2 рет ота жасалды. Қазір жағдайы тұрақты. Бұрын қиын болатын еді, 8, 9, 10 сағат жол жүреміз.
Аудандық аурухана 150 орынға шақталған. Кейде мұндағы науқастардың 30 пайызға жуығы ауруын асқындырып алады екен. Яғни, жергілікті дәрігерлер санавиациялық көмекке дәйім зәру.
Берік Абдуллаев – Бейнеу аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
- Сол үшін бізде санавиацияның орны ерекше. Негізгі мына қатаң науқастарға көмектесуде, осындай жүкті әйелдерге уақытлы медициналық көмек көрсетуде, облыстан мамандар жеткізіп беруде. Санавиацияның орны ерекше.

Әуе көлігі қажетті медициналық құралдармен жабдықталған. Облыстағы ең шалғай ауылдың өзіне 2 сағатта жетуге қауқарлы. Кей науқастарға тәжірибелі мамандар жергілікті жерде жәрдем берсе, енді бірін орталыққа алып келеді. Бейнеулік қос келіншек те осы техниканың арқасында облыстық перинаталдық орталыққа жылдам жетіп алды. Денсаулықтарына қауіп төнген. Енді олар орталық дәрігерлерінің қадағалауында болады.
Айғаным Сұлтанова:
- Мен Бейнеуден Ақтау қаласына бірінші рет самолетпен ұшып келдім. Рахмет, тез келдік. Пойызбен таңертең келетін едік. Осындай жағдайға байланысты Ақтауға келіп отырмыз.
«АН-28» ұшағынан бөлек, санавиация қызметінде «МИ-8» тік ұшағы да бар. Бірақ, әзірге бұл мүмкіндікті қашықтағы Бейнеу ауданы мен Жаңаөзен қаласының тұрғындары ғана пайдалана алады. Қанатты жедел жәрдем облысқа тегіс қолжетімді болуы үшін ұшу-қону алаңдары салынуы керек. Мәселенің шешімін іздестіріліп те жатыр.
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520