Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3412 0 пікір 3 Қараша, 2013 сағат 23:48

Қоқыс төксең - айыппұл

Қаламыздағы 2 шағын аудан 70 үйдің жанында қоқыс қалдықтарының үйіндісі көзге шыққан сүйелдей көрініп тұр. Бұл қоқыстарды аталмыш үйде орналасқан «Шамс» кафесінің қожайыны тастаған екен. Ақтау қалалық әкімшілігі жүргізген рейд барысында тұтас бір үйді өзінің меншігіне айналдырып алған кафе қожайынымен тілдесудің сәті түспеді. Бірақ, кафе әкімшілігінің өкілі бұл қоқыстар тұтас үйге жөндеу жұмыстарын жүргізгенде шыққанын және үйіндіні тазалап алатынын айтты. Аты-жөнін айтудан бас тартқан өкіл бұдан артық сөзге келместен тайып тұрды.
– Біз бұған дейін қала тұрғындарына қоқыс қалдықтарын тастамау туралы ескертулер айтып келеміз. Өздеріңіз көріп тұрғандай осы үйдің жанындағы қоқыс үйіндісі айға жуық уақыт өтсе де, тазаланбаған. Енді бұлайша қоқыс қалдықтарын тастаған тұрғындарға әкімшілік шара қолданып, айыппұл салатын боламыз,– деді «Ақтау тұрғын үй инспекциясы» ММ-нің басшысы Нұрлан Орынбасаров.
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371