Қарызы кешірілген азаматтар тағыда несиеге батып кеткен
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мемлекет 2019 жылы қарызын кешірген қазақстандықтар жаңа несиелерді алып, төлей алмай жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Abai.kz.
Мәжіліс каулыларында журналистерге жауап берген басшылық көрсеткіштің көңіл көншітпейтінін жеткізді.
– Өкінішке қарай, 2019 жылы несие рақымшылығына ілінген қарыз алушылардың көбінде тағы да несиелер бар. Олардың кейбіреулері қайтадан проблемалық несиелерін төлей алмай отыр. Бұл азаматтардың төлем өзінің қабілеттілігін дұрыс бағалау мәселесі, - дейді ол.
Әбілқасымова азаматтардың қайтадан несие алуға құқығы бар екенін, алайда олардың бір бөлігі қайтадан қарызын өтей алмай жатқанын атап өтті.
2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 8,5 млн қазақстандықтың қаржы ұйымдары алдында 19 трлн теңге сомаға берешегі бар. Оның ішінде 8,2 млн азаматтың кепілсіз тұтыну кредиті бойынша 10 трлн теңге сомаға берешегі бар. Бұл ретте 1,6 млн азаматтың 1,7 трлн теңгеге проблемалық кредиті жинақталып қалған.
Abai.kz.