Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2180 0 пікір 11 Қараша, 2013 сағат 19:25

Маңғыстау ауданы: Жиналыс тақырыбы – мұнай компанияларына ет өткізу

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ж.Айтуаровтың төрағалығымен мұнай компанияларына ет өткізу жұмыстары жөнінде жиналыс өтті. Жиналысқа «Каспий» ӘКК»ҰК» АҚ-ның төрағасы И.Тагашев, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және «ҚаражанбасМұнай» АҚ-ның өкілдері, сонымен қатар село әкімдері және аудан кәсіпкерлері қатысты. Кездесу барысында «Каспий» ӘКК»ҰК» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ , «ҚаражанбасМұнай» АҚ және кәсіпкерлер арасында үш жақты келісім жасалды. Келісім бойынша:
Жылқы еті – 1100 теңге
Түйе еті – 1000 теңге
Қой еті – 1200 теңге болып қабылданды.
Сонымен қатар жиында Маңғыстау аудандық санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасына мұнай компанияларына өткізілетін еттерді санитарлық жағынан қадағалау тапсырылса, аудандық ауылшаруашылық бөліміне «Каспий» ӘКК»ҰК» АҚ-не ет өткізетін кәсіпкерлер тізімі мен график құру тапсырылды.
Abai.kz

0 пікір