Сенбі, 23 Қараша 2024
1665 2 пікір 7 Наурыз, 2024 сағат 16:46

Бір топ үнді: Ресей бізді мәжбүрлеп соғысқа жіберді

Сурет: Google іздеу жүйесінен алынды

Үндістанның жеті азаматы бейнеүндеу жазып, Украинада Ресей әскері жағында соғысуға мәжбүрлеп жатқанын мәлімдеді.

Видеоны NDTV үндістандық басылымның журналисі Ума Судхир твиттерде жариялады.

Жеті азаматтың айтуынша, олар Ресейге 2023 жылғы желтоқсанның аяғында турист ретінде келген. Содан кейін бір турагент оларға Беларусьқа да баруды ұсынған. Үндістандық азаматтар келіскен. «Ол жаққа бару үшін виза керектігін біз білмедік. Беларусьқа келген уақытта агент бізден ақы сұрап, сосын кетіп қалды» дейді үндеу авторларының бірі.

Беларусьқа келген туристерді милиция ұстаған. Сосын оларды Ресей билігіне тапсырған. Мұнда оларға орыс тіліндегі құжатқа қол қоюға мәжбүрлеген.

Содан кейін, News 18 үнді басылымының мәліметінше, Үндістан азаматтары 15 күн бойы әскери дайындықтан өткен, сосын «соғыс жүріп жатқан жерге» жеткізілген. NDTV мәліметінше, соғыстан бас тартқан жағдайда оларды 10 жылға соттаймыз деп қорқытқан.

2024 жылғы ақпанда Үндістан билігі Ресей армиясына түсіп қалған жиырма шақты азаматты елге қайтаруға тырысып жатқанын мәлімдеді. The Moscow Times газетінің жазуынша, олар Ресейге турист ретінде емес, жұмысшы ретінде келуі мүмкін. Басылым мәліметінше, Үндістанның бірнеше азаматына қоқыс жинаушы жұмысын ұсынған, бірақ оларды бірден әскери дайындық орталығына жіберген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371