Маңғыстау облысы әкімі: Паром кешенін салу жоспарлануда
Мағыстау облысының Құрық ауылында паром кешені салынады, деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев ОКҚ брифингі барысында.
«Қазір Құрық ауылында паром кешенін салу мәселесі қарастырылып жатыр. Құрық теңіз портына үлкен үміт артып отырмыз. Бұл ауылда инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым салынып қойылған», - деді облыс әкімі.
Бұдан өзге, порт аумағында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының жобасы бойынша жалпы құны 42,6 млрд теңге болатын қазақстандық кемелер жасалып, жөндеуден өткізіледі.
«Бүгінгі таңда жағадағы инфрақұрылымды дамыту бойынша нақты шаралар қолданылды - Аджип, «ҚазМұнайГаз» және "Балықшы" ЖШС компанияларының теңіз мұнай операцияларын қолдау базалары құрылған, кеме жасайтын орындар салынып, жұмыс істеп жатыр», - деп басып айтты облыс әкімі.
Abai.kz