Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2488 0 пікір 15 Қараша, 2013 сағат 00:55

Маңғыстауда ағымдағы жылы 7 жаңа мектеп пайдалануға берілген

Өңір бүлдіршіндері мектепке дейінгі тәрбие берумен 81 пайыз қамтылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев мәлім етті.
«Балапан» бағдарламасының арқасында соңғы 3 жылда жаңа бала бақшалар салынып, ал бұрын жабылғандары қайта қалпына келтірілді. Сонымен қатар, шағын орталықтар мен жеке ұйымдарды ашу мәселесіне ерекше назар аударылды. Осының нәтижесінде тағыда 26 мың бала сапалы мектепке дейінгі білім алуға мүмкіндік алды. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі тәрбие алу және білім берумен қамту 72 пайыздан 81,2 пайызға дейін жеткізілді»,-деді әкім.
Оның сөзіне қарағанда, орта білім саласында үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін биылғы жылы 4832 орынға есептелген 7 білім беру мекемесінің құрылысы аяқталды. Бұған қоса 5220 орындық тағы 5 мектептің құрылысы жүргізілуде. Биылғы жылдың соңына дейін екі білім ошағы тапсырылады деп күтілуде. Нәтижесінде облыста үш ауысымдағы екі мектеп қалады және бұл проблема 2015 жылға дейін өз шешімін таппақ.
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502