Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1158 0 пікір 15 Наурыз, 2024 сағат 18:36

Дабыл: Мектеп ажал мекеніне айналғалы отыр

Сурет: informburo.kz скрині

Пайдалануға берілгеніне он жыл да болмаған мектеп білім ордасы емес балалардың ажал мекеніне айналғалы отыр. Бірнеше жыл бұрын пайда болған мектептің сызаттары жер сілкінісінен кейін тіпті ажырап, арасы кеңейіп кеткен.

Сонда да ешқандай шара қолданылмаған. Нысан опырылып түсе ме деп алаңдаңдаған ата-аналар балаларын мектепке жіберерде жандарын шөберекке орап отырады екен.

"Балаларымызды жіберуге қорқамыз. Жіберсек те жанымызды шүберекке түйіп отырамыз. Алдындағы жер сілкінісінен кейін ата-аналардың біразы жылап келіп, балаларымызды алып кеттік. Біз тағы да жер сілкінісі болса, балаларымыз үйінді астында қала ма деп қорқамыз", – деді Ащыбұлақ ауылының тұрғыны Индира Әбішева.

2013 жылы пайдалануға берілген мектепте бүгінде 2000-нан астам бала білім алады. Ал, бойын қорқыныш билеген ата-аналар ауылдағы жақын білім ордаларының барлығы толық болғандықтан, ауыстыру да үлкен қиындық тудыратынын айтты. Қабырғасы сөгілген мектеп басшылығы балалардың мойнына ысқыруық пен жеке деректерін жазып іліп қойған.

"Балаларымыздың мойныны ысқыруық пен бала туралы мәлімет жазылған бейджик іліп қойған. Біз дәл қазіргі жағдайда баламызды үйінділердің астынан іздеудің жолын іздеп жатқан сияқтымыз", – деді Ащыбұлақ ауылыны тұрғыны Мадина Кибирханова.

Ата-аналардың наразылығынан кейін білім ордасына комиссия келіп зерделеу жүргізуді жоспарлап отыр.

Алаңдаған ата-аналар балаларын онлайн оқытуға ауыстыруды талап етіп отыр. Сараптама қорытындысы қандай болары алдағы уақытта белгілі болмақ.

Abai.kz

0 пікір