Жұма, 20 Қыркүйек 2024
961 0 пікір 15 Наурыз, 2024 сағат 18:37

Жер сілкінісінен зақымданған үйлен мемлекеттен өтемақы алады

Сурет: azattyq-ruhy.kz

Алматыда жер сілкінісі салдарынан үйіне жарықшақтар пайда болған қала тұрғындарына мемлекеттен өтемақы беріледі. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Abai.kz ақпараттық сайты.

Қаңтар және наурыз айларындағы жер сілкінісі салдарынан Алматыдағы кейбір үйлердің қабырғасы сөгіліп, жарықшақтар пайда болған. Адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін деп болжаммен бүгінгі күнге дейін 188-ге жуық қала тұрғыны өтініш білдірген. Оларға мемлекеттен көмек көрсетілуі мүмкін.

Ол үшін алдымен қала тұрғындары баспаналарының зақымданғанын дәлелдеп, әкімдікке өтініш береді. Содан кейін арнайы құрылған комиссия мүшелері ғимараттарды жан-жақты сараптамадан өткізіп, тірек құрылымдарының бұзылуы немесе төбе, сылақ, қасбетті әрлеу сияқты жұмыстарға назар аударып, зерттейді.

Қалпына келтіру жұмысын қаржыландыруға келер болсақ, әлеуметтік нысандар бүлінген жағдайда жөндеу жұмыстары бюджет қаражаты есебінен жүргізілмек. Ал, тұрғын үйлерге қауіп төндіретін зақым болса, онда мемлекеттік органдардың бюджетінен қаржы бөлінеді. Әзірге тізім жинақталып жатыр.

"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан қираған тұрғын үй құрылысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен қаражат бөлінген жағдайда облыстың жергілікті атқарушы органдары растаушы құжаттардың негізінде тұрғын үйі авариялық деп танылған зардап шеккен азаматтардың тізімін ұсынады. Ғимараттар мен құрылыстардың тиімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қараудан кейін ғана анықталады", – деді ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй құрылысы басқармасының басшысы Амантай Телқожа.

Abai.kz

0 пікір