Жауынгерлік сайыс жеңімпаздары
Бүгін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің Ақтау қаласында орналасқан әскери бөлімдерінің биылғы жылғы жауынгерлік даярлық қорытындысына арналған салтанатты жиналыс өтті.
Салтанатты шараға ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасының лауазым иелері, әскери бөлім командирлері мен олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, Маңғыстау облыстық және Ақтау қаласы әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Жиналыста ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов баяндама жасап, оқу жылының қорытындысы бойынша сайыс жеңімпаздарын атады.
Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелері арасында бірінші орынды ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасы иеленді.
Әскери кемелер арасында гидрографиялық «Жайық» кемесі (командирі капитан-лейтенант Рүстем Жүнісов) көш бастаса, зымыранды-артиллериялық «Қазақстан» кемесі (командирі капитан-лейтенант Еркебұлан Дәркенбаев), екінші орын, ал «Өжет» күзет кемесі (командирі аға лейтенант Алмас Битманов) үшінші орынды қанағат тұтты. Әскери қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізген әскери қызметшілер мен қызметкерлерге сый-құрмет көрсетілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2012-2013 оқу жылы Қазақстан армиясында «Қуатты Армия - Қуатты Қазақстан» жауынгерлік ұранымен өткізілуде.
Жауынгерлік даярлықтың барлық іс-шаралары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы Қазақстан өзінің қорғаныс қабілеті мен әскери доктринасын нығайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жүргізіліп келеді.