Жаңаөзен - Мемлекеттік бағдарламалардың аясында
Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуға елеулі үлес қосылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз мәслихаты аясында ұйымдастырылған көрмеде Жаңаөзен әкімі Серікбай Тұрымов мәлім етті.«Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуға байланысты Үкімет тарапынан бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылданған. Біздің қаламыз үшін ең маңыздысы - 2020 жылға дейінгі мерзімді қамтитын кешенді жоспар. Біз моноқалаға жатамыз. Осы бағыттағы бағдарлама аясында тиісті жұмыстар атқарылуда. Содан кейін кәсіпкерлікті дамытуға байланысты Үкіметпен 3 жылға арнайы жоспар қабылданды. Жалпы, осы бағдарламалар аясында қазіргі кезде қалада біраз жұмыстар жасалуда»,-деді қала әкімі. Оның сөзіне қарағанда, кешенді жоспар негізінен әлеуметтік нысандардың құрылысын салу, жаңа жұмыс орындарын ашуға өз септігін тигізуде. «Қаладағы үлкен әлеуметтік мәселе жұмыспен қамтуға байланысты. Атап айтқанда, «ӨзенМұнайГаз» кәсіпорнының қаланы толықтай жұмыспен қамтуға мүмкіндігі жетпейді. Себебі, Жаңаөзен халқы бүгінде 130 мыңға жуықтады. Сондықтан, мемлекеттік бағдарламалар, кешенді жоспар аясында жаңа жұмыс орындарын ашуда біраз мүмкіндіктерге қол жеткізіп отырмыз»,-деді ол.
Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуға елеулі үлес қосылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз мәслихаты аясында ұйымдастырылған көрмеде Жаңаөзен әкімі Серікбай Тұрымов мәлім етті.«Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуға байланысты Үкімет тарапынан бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылданған. Біздің қаламыз үшін ең маңыздысы - 2020 жылға дейінгі мерзімді қамтитын кешенді жоспар. Біз моноқалаға жатамыз. Осы бағыттағы бағдарлама аясында тиісті жұмыстар атқарылуда. Содан кейін кәсіпкерлікті дамытуға байланысты Үкіметпен 3 жылға арнайы жоспар қабылданды. Жалпы, осы бағдарламалар аясында қазіргі кезде қалада біраз жұмыстар жасалуда»,-деді қала әкімі. Оның сөзіне қарағанда, кешенді жоспар негізінен әлеуметтік нысандардың құрылысын салу, жаңа жұмыс орындарын ашуға өз септігін тигізуде. «Қаладағы үлкен әлеуметтік мәселе жұмыспен қамтуға байланысты. Атап айтқанда, «ӨзенМұнайГаз» кәсіпорнының қаланы толықтай жұмыспен қамтуға мүмкіндігі жетпейді. Себебі, Жаңаөзен халқы бүгінде 130 мыңға жуықтады. Сондықтан, мемлекеттік бағдарламалар, кешенді жоспар аясында жаңа жұмыс орындарын ашуда біраз мүмкіндіктерге қол жеткізіп отырмыз»,-деді ол. Әкімнің айтуынша, 2012 жылы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6 мыңның үстінде болса, қазіргі кезде 8 мыңға жуықтады. Бұл салада жұмыспен қамтылғандар 16 мыңнан асып отыр.