Қазақстанның индустрияландыру картасы: 9 жоба жоспарда тұр
Қазақстанның индустрияландыру картасына маңғыстаулық 34 жоба енді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған облыстың әкімі Алик Айдарбаев мәлім етті.«Елдің индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 280 млрд. теңге құрайтын маңғыстаулық 34 жоба енді. Оның ішінде республикалық картада 2 жоба, ал өңірлікте 32 жоба бар. Бұл жобаларды жүзеге асыру кезінде 8800 маңғыстаулық жұмысқа тартылады. Ал соның ішінде 1800 адам бүгінде аяқталған 23 жобада еңбек етуде»,-деді әкім. Оның сөзіне қарағанда, жыл соңына дейін тағы екі ірі жоба аяқталатын болады. Олардың ішінде сметалық құны 83,5 млрд. теңге құрайтын «Каспий Битум» және «Каспий Цемент» зауыттары бар. Сондай-ақ, бұл кәсіпорындарда 600 тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Мұнымен қоса алдағы жылдары сметалық құны 65,1 млрд. теңгенің 9 жобасын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл тұрғыда 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады.