Маңғыстауда жерге сұраныс жоғары
Маңғыстау облысында тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру аясында соңғы 3 жылда 1,5 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған облыстың әкімі Алик Айдарбаев мәлім етті.«Оның 180,8 мың шаршы метрі немесе 1751 пәтері мемлекеттік қаржы есебінен салынды. Ағымдағы жылы 340,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді»,- деді А. Айдарбаев. Белгілі болғанындай, бүгінде облыста баспана кезегінде 9 мың 787 адам тұр, оның ішінде Ақтау қаласы бойынша 5415 адам тіркелген. Өңірде жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімдеріне деген сұраныс өте жоғары. Күні бүгінге дейін осы мәселе бойынша әкімдіктерге берілген арыздардың саны 146 мыңнан асады.