Жаңаөзен: қала халқы өсіп келеді
Бүгінгі таңда Жаңаөзен қаласындағы жағдай тұрақты. Атап айтқанда, 2020 жылға дейінгі қаланы дамытудың кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев мәлім етті. «Өздеріңіз білесіздер, бұл моноқала болып есептеледі және оның барша экономикасы «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның қызметіне тікелей байланысты. Кезінде Жаңаөзен вахталық елді мекен ретінде құрылған болатын. Ондағы халық саны 60 мыңды құрап, 16 млн. тонна мұнай өндірілетін. Бүгінде осы жерде 120 мың адам тұрып жатыр. Ал өндірілетін мұнай көлемі 5 млн. тонна»,-деді әкім. Оның сөзіне қарағанда, қала халқы бүгінде өсіп келеді. Мұнда жыл сайын 3 мыңнан астам сәби өмірге келуде. Және бұл көрсеткіш өңірде ең жоғары болып саналады. Жаңаөзен қаласын 2020 жылға дейін дамытудың кешенді жоспары және Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында тек 2013 жылдың өзінде қаланы дамытуға 12 млрд. теңгеге жуық қаржы бағытталды. Бұл өз кезегінде аурухана, мектеп, балабақша, жол мәселелерін шешуге мүмкіндік беруде. «Қазір қаладағы әлеуметтік мәселелер мен тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымның жайы белсенді дәрежеде шешіліп отыр деп сеніммен айтуға болады»,-деді А. Айдарбаев.