Жәрмеңкеге облыстың барлық аудандары атсалысты
Ақтау қаласында ауылшаруашылығы қызметкерлерiнiң күнiне орай Маңғыстау облысы әкiмдiгi және “Каспий” әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы” ұлттық компаниясы” акционерлiк қоғамының ұйытқы болуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесi ұйымдастырылды.
Бұл жәрмеңкеге аймақтың Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының Ақтау және Жаңаөзен қаласының тұрғындары атсалысып, өз өнiмдерiн қалалықтар мен қонақтарына ұсынды. 10 қалалық және 40-тан аса облыстан келген кәсiпкер мен өнiм өндiрушiлер атсалысқан бұл жәрмеңкенiң басты мақсаты – егiн шаруашылығы мен мал шаруашылығымен айналысатын кәсiпкерлерге қолдау көрсетiп, олардың еңбегiн бағалап, өнiмiн халыққа таныстыру. Сонымен қатар тұтынушылардың арзан бағаға азық-түлiк сатып алуына жағдай жасау.
Айта кету керек, жәрмеңкеге әкелiнген ауылшаруашылық өнiмдерi қалада қалыптасқан бағадан 10-15 пайыз төмен бағаға пұлданды. Онда күнделiктi тұтынатын азық-түлiктiң кез-келген түрi сатылымға қойылды. Айталық, жылқы, сиыр, қой, құс етi сондай-ақ, сүт өнiмдерi – шұбат, құрт, балқаймақ та сауда сөрелерiнен табылды. Бау-бақша өнiмдерi, көкөнiстер де ақтаулықтардың себеттерiн толтырды. Әсiресе, ет, сүт өнiмдерi лезде сатылып кеттi.

Ауа-райының құбылып тұрғанына қарамастан тұтынушылардың қатары көп болды. Олар мұндай ауылшаруашылығы жәрмеңкесiнiң жиi өтiп тұрғаны халыққа тиiмдi екенiн айтып жатты. Азық-түлiк тауарларының бағасы базардағы бағадан әлдеқайда арзандығын айтқан тұтынушылар да болды.
Аймақта өндiрiлген ауылшаруашылық өнiмдерiн халыққа таныстырған бұл жәрмеңкеге қатысқандар арасында бiрнеше байқау ұйымдастырылды. Сондай-ақ, “Каспий” әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы” ұлттық компаниясы” акционерлiк қоғамының мұрындық болуымен қайырымдылық акциясы өттi. Ақтау қаласының халыққа қызмет көрсету орталығы анықтап, ұсынған 15 әлеуметтiк жағдайы төмен отбасылар мен мүгедектердiң мекен-жайларына тегiн азық-түлiк жiберiлдi. Бұған жәрмеңкеге қатысқан барлық кәсiпкерлер қолдау көрсетiп, шама-шарқынша көмектестi. “Каспий” әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы” бұл тұрғыда қайырымдылық шарасына атсалысқан барлық кәсiпкерлерге өз алғысын бiлдiредi.
Сонымен, әртүрлi азық-түлiк тауарларын жеткiзiп, тұтынушылардың ерекше ықыласына бөленiп, елдiң көзiне түскен Маңғыстау ауданы Шайыр ауылынан келген “Ханбекгүл” шаруа қожалығы “Ең жақсы тауар түрлерi” аталымы бойынша жеңiмпаз атанды. Түпқараған ауданындағы “Береке нан” наубайханасының иесi жеке кәсiпкер “Ең сыпайы сатушы” атағын жеңiп алды. Мұнайлы ауданынан ат терлетiп келген жеке кәсiпкер Сұңқар Мамұтова ең көп тауар сатып, тұтынушылардың көңiлiнен шықты. Ол “Ең өтiмдi тауар” аталымын қанжығасына байлап кеттi.
Жәрмеңкеде “Каспий” әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы” ұлттық компаниясы” акционерлiк қоғамы ең тәттi пiсiрiлген тоқаштарды анықтау мақсатында “Бауырсақ фестивалiн” өткiздi. Бұл фестивальге жәрмеңке қонақтары мен қатысушылары төрелiк еттi. Олар тәттi тоқаштар мен жұмсақ шелпектердiң дәмiн татып, жеңiмпаздарды анықтады.
“Каспий” әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы” ұлттық компаниясы” – аймақтағы жалғыз даму институты, әрi Маңғыстау облысы әкiмдiгiмен бiр жеңнен қол, бiр жағадан бас шығаратын жалғыз акционерлiк қоғам болып табылады. “Каспий” әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы” ұлттық компаниясы” акционерлiк қоғамының басты мақсаты облыстың дамуына, әсiресе мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк орнатуға бағытталған.
“Каспий”әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы” ұлттық компаниясы” акционерлiк қоғамының баспасөз қызметi.