Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3476 0 пікір 28 Қараша, 2013 сағат 16:17

Тұңғыш Президент күніне дайындық Жаңаөзенде қызу жүргізілуде

Тұңғыш Президентіміздің күніне мұнайлы қала тұрғындары да қызу даярлануда. Қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен мереке алды қызықты мәдени-көпшілік шаралар өтіп, қала бұрынғының үстіне ажарлана түсті. Тазалық жақсарып, көшелер көріктендірілді.

Шаралардың басты мақсаты – Елбасының елі, халқы үшін жасап жатқан игіліктерін көпшілік арасында кеңінен насихаттау. Халықтың көңілін көтеріп, рухы мен мерейін асқақтату. Бұған қала мектептерінде өткен Ұлт Көшбасшысының «Қазақстан - 2050» cтратегиялық бағдарламасынан шығармалық байқаулар мен орталық кітапхана мен «Мұнайшы» мəдениет сарайындағы тақырыптық-танымдық кештерді айтуға болады. Елбасының балалық шағын бейнелейтін «Менің балалық шағымның аспаны» атты көрсетілім де табысты өтті.

Осы күндері қаланың спорттық кешендерінде түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Соның ішінде, еркін күрес пен грек-рим күресінде болған жарыстар көрермендерді ерекше риза етті.

Мерейлі мерекеге арналған салтанатты жиналыста қала əкімі С.Трұмов қала жұртшылығын мерекемен құттықтап, қаланың дамуына үлес қосқан бір топ ардагерлерді марапаттайды. Жаңадан мемлекеттік қызметке қабылданған мемлекеттік қызметшілерден Ант қабылданады. Тағы бір қуанарлығы, республикамыз бен өңірге танымал бір-қатар өнер ұжымдары келіп, қызықты концерттер мен спектакльдер қойды.

Қаладағы қызықтар мұнымен де бітпейді. Жыл аяғына дейін ел тəуелсіздігінің 22 жылдығы мен Жаңаөзен қаласының 45 жылдық мерекелеріне арналған шаралар одан əрі жалғасады. Онда Елбасының аймақтарға жасап отырған қолдауы мен қамқорлығы жəне елін əлемдегі береке-
бірлік пен татулықтың алтын қазығына айналдырудағы ерен еңбегі мен даналық саясаты кеңінен айтылады. Сонымен бірге, жылды табысты қорытындылау, еңбек ұжымдары мен білім беру, денсаулық сақтау саласы мен қала тұрғындарын жылумен, сумен, жарықпен қамтамасыз етіп, үнемшілдік тəртіпті қатаң қолға алу сияқты қала өмірі үшін көптеген маңызды мəселелер мерекелік шаралармен қатар жүреді. Қысқасы, Президент күні мерекесі барша еліміз сияқты Маңғыстау өңірі мен Жаңаөзен қаласының өміріне тың серпіліс əкелді.  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5335