Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
1199 0 пікір 2 Мамыр, 2024 сағат 16:04

«ӘН ПАТШАСЫ ШӘМШІ» атты драма байқауы жарияланды

Түркістан музыкалық-драма театры Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына республикалық драматургия байқауын жариялайды. 

Байқау мақсат-міндеті:

– көрнекті композитор, халық сүйіктісі, «ән патшасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың тұлғалық феноменін адами-шығармашылық болмысы арқылы ашу;

– пьесаның анық драматургиялық құрылымы болуы шарт!

Өткізу мерзімі:

– пьесалар 2024-жылдың -8-маусымына дейін қабылданады,

– байқау нәтижесі 2024-жылдың  13- маусымында жарияланады.

Өткізу тәртібі:

– байқауға қазіргі театр талабына сай жазылған, еш жерде қойылмаған, жарияланбаған, өзге байқауларға қатыспаған жаңа пьесалар (автор туралы мәліметтермен қоса) қабылданады.

– пьесалар компьютерлік 40 беттен аспауы (шрифт Times New Roman-12) және turkistannewtheatre1@gmail.com  электронды поштасына  жолдануы керек.

– байқауға түскен  пьесаларды кәсіби Сарапшылар кеңесі сараптайды.

– жеңімпаз пьеса Түркістан музыкалық-драма театрында 2024 жылы сахналанады және 1 000 000 тг көлемінде қаламақы беріледі.

Анықтама телефоны – 8 (72533) 5-29-23

Abai.kz

0 пікір