Жастарға қолдау қажет
Бүгінгі таңдағы жастар арасындағы ең өзекті проблема – жұмыссыздық мәселесін талқылау үшін Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-нің проректорлары, облыстық жастар ұйымдарының басшылары, қалалық жұмыспен қамту орталығы мен ҮЕҰ өкілдері бас қосты.
Облыстық жастар саясаты мəселелері басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов жастарды жұмыспен қамту мақсатында бірқатар маңызды жобалар құрылғанын мəлімдеді. 28 қазанда ауылда өз ісін ашуға бел буған адамдар үшін «Жас кəсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы» құрылса, 11 қараша күні Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығы мен «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының қолдауымен 3 шағын аудан, 88 ғимарат, 15 кеңседе облыс бойынша «Жастарды жұмысқа орналасуға қолдау көрсету орталығы» ашылған. Онда жұмыстан тəжірибесі жоқ жастарға толықтай психологиялық жəне ақпараттық қызметтер көрсетіледі екен.

Жастар жұмыссыздығымен күресу мақсатында барлық шара қолданылып жатқанын «Эко Маңғыстаудың» директоры Кирилл Осин де дəлелдеді. Ол үйден шықпай-ақ бос жұмыс орындары туралы мəліметтер білуге, резюме тапсыруға мүмкіндік пайда болғанын хабарлады. «Жақын арада қалалық жұмыспен қамту орталығы мен жастар саясаты мəселелері басқармасының қолдауымен электрондық еңбек биржасы қосылады. www.work-center.kz сайты жұмыссыздарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін болады. Портал жұмыс тауып берумен айналыспайды»,-деді К.Осин.
Сондай-ақ жиын барысында университет бітірісімен жұмысқа кіре алмай жүретін жастар жөніндегі ойымен Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-нің ғылыми жұмыстар жəне қарым-қатынас проректоры Сембіғали Зəкенов бөлісті. «Біздің университетте 44 бакалавриат, 18 магистратура, 5 докторантура бағдарламасы бойынша мамандықтар дайындайды. Осы жылы 2013 түлектің 659-ы күндізгі бөлімнен бітіріп шықты. Мемлекеттік грантпен аяқтағаны – 169 студент. Біздің мəлімет бойынша, оның 110-ы ғана, яғни 65 пайызы қызметке орналасқан. Жəне оның барлығы да өз мамандығымен жұмысқа орналасты ма, ол жағы бізге беймəлім. Облыс əкімінің бөлген грантымен оқыған 37 студенттің екеуі жұмыссыз. Мұнай компанияларының демеушілігімен аяқтаған 45 түлектің 25-і ғана жұмыспен қамтылды. Бұл дегеніміз ірі компаниялар оқытуға ақша бөлгенімен, жұмысқа кіргізуге келгенде қауқарсыз болатынын көрсетеді. Осы сандарды ескере отырып, деректер базасын құруды жəне 3-курстан бастап өндірістік тəжірибені сабақ бағдарламасына енгізуді жоспарға қойып отырмыз»,-деді ол.