Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2779 0 пікір 22 Қараша, 2013 сағат 12:34

«Қазақстан-2050»: Басқосудың тақырыбы – жолдау нұсқаған жолдар

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін қолдану аумағын кеңейту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылдың 24 маусымындағы №176 қаулысымен «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ құрылды (әрі қарай – МЖӘ Орталығы).

МЖӘ Орталығының басты миссиясы – әлеуметтік-маңызды нысандарға негізделген жеке капитал үшін инфрақұрылымдық жобалардың инвестициялық тартымдылығын көтеруге қолдау көрсету болып табылады. МЖӘ Орталығы қызметінің мақсаты – Маңғыстау облысындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын дамытуға жәрдемдесу.

2013 жылдың 22 қарашасында МЖӘ Орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік: заңнамалық аспектілер және даму келешегі» атты форум өткізілді.

Форумның мақсаты – мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мәселелері бойынша заңнамалық түсініктеме беру, мемлекеттік, жеке меншік және квазимемлекеттік ұйымдарға Қазақстанда қолданыла бастаған мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа механизмдерін үйрету.

Форумға қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ,мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, оқу орындарының, басшылары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, бизнес-қауымдастықтың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Форум аясында мынадай шаралар өткізілді:

- Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің (ҚЭН) және техникалық-экономикалық негіздемесінің (ТЭН) экономикалық сараптамасын өткізу мәселелері бойынша семинар;

- Денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көліктік логистика саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын таныстыру.

Сонымен қатар, МЖӘ Орталығы мен «Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ арасында Меморандумға қол қойылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377